Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » САЙРАМ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ҚАРАМҰРТ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

САЙРАМ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ҚАРАМҰРТ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитов Қарамұрт ауылдық округі тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында жол жөндеу жұмыстарының сапасымен танысты.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылы Жеті мама, Х.Нигмаджанов және М.Шерметов көшелеріне асфальт жамылғылары төселген болатын.
Ұзындығы 6,2 шақырымды құрайтын аталған көшелерді жұмыстары «Ауыл — Ел бесігі» жобасы аясында қолға алынған.
Жалпы ауыл округ аумағында 31 көше болса, оның ішінде, 20 көшеге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілген.
Аралау барысында аудан басшысы 11 көшеге асфальт төсеу бойынша жобалық-сметалық құжаттарды жүйелі дайындауды жүктеді.

Пікір жазу