Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Түлкібас ауданында «Күміс жас» бағдарламасы жүзеге асырылуда

Түлкібас ауданында «Күміс жас» бағдарламасы жүзеге асырылуда

Түлкібас ауданының экономикасы мен халықтың жағдайын жақсарту мақсатында ауданда жыл санап әртүрлі бағыттағы ірі әлеуметтік және кәсіптік нысандар бой көтеруде. Осы ретте, Жабағылы ауылдық округінің тұрғыны, Дарменова Лаззат Бахитжановна 16.02.2024 жылы “НурДи” жеке кәсіпкерлігіне күміс жас бағдарламасымен аспазшы қызметіне жолданған. Қазіргі таңда тиісті жұмыстарын абыроймен атқаруда.

Күміс Жас жобасына-2024 жылы ауданымызға 130 азаматқа ұйымдастыру жоспарланып. Осы жылдың басынан шілде айына дейін 130 адам жолданып, жылдық жоспар 100 пайызға орындалды. 50 жастан асқан жұмыссыз азаматтар қатыса алатындығын хабарлаймыз.

“Күміс жас” жобасына қатысушылар үшін төленетін еңбекақы төлеуді жұмыс беруші еңбек шартында белгіленген мөлшерге сүйене отырып, нақты жұмыс істеген уақыты үшін ай сайын жүзеге асырады:

-Қатысудың алғашқы 12 айындағы жалақы мөлшері-70%, бірақ 30 АЕК-тен аспайды.

-13 айдан бастап 24 айға дейін жалақы мөлшерінен-65% бірақ 30 АЕК-тен аспайды.

-25 айдан бастап 36 айға дейін жалақы мөлшерінен-60% бірақ 30 АЕК-тен аспайды.

Міндетті шарт:бағдарлама аяқталғансоң тұрақты жұмыспен қамтылуы тиіс.

Толық ақпаратты: «Түлкібас аудандық мансап орталығы» филиалынан біле аласыз.

Мекен-жайымыз:Т.Рысқұлов ауылы, Т.Рысқұлов көшесі, 318

Тел: 8 (725 38) 52 864, 8 (725 38) 52 724.

«Күміс жас» жобасы 50 жастан асқан жұмыссыз адамдарды жұмысқа орналасуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартуға, әсіресе зейнетке дейінгі жастағы адамдарға арналған (зейнетақы жасына 2 жыл қалғанда).

2023 жылдың 1-ші қаңтарынан «Күміс жас» жобасына қатысу мерзімі бір жылдан үш жылға дейін ұзартылған.

Қолданыстағы ереже бойынша, жобаны жүзеге асыру мақсатында, зейнетке дейінгі жастағы адамдарды жұмысқа орналастыра отырып жалақысын субсидиялау арқылы, яғни жұмыспен қамту орталықтарының жолдамасы бойынша  әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған адамдардың еңбекақысын төлеу үшін қаражат шығынының бөлігін жұмыс берушіге өтеу арқылы, жұмыс берушімен жұмыс орындары ашылады.

50 жастан асқан жұмыссыз адамдардың жалақысын субсидиялау арқылы жұмысқа орналастыру үшін келесі тұлғаларға жұмыс орындарын ұйымдастыру көзделген:

— мүгедектігі бар адамдарға арналған жеке көмекшінің,

— әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант, күтім бойынша әлеуметтік қызметкер.

Көп балалы  немесе  аз қамтылған еңбекке қабілетті мүшелер үшін, мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған адамдар үшін  үйде әлеуметтік жұмыс орындарын ашу қарастырылған.

«Күміс жас» жобасы бойынша жұмысқа орналасу үшін өтініш жұмыспен қамту орталығына беріледі және келесі құжаттар ұсынылады:

— жеке басын куәландыратын құжат;

—  еңбек қызметін растайтын құжаттар (бар болса);

— білімі туралы құжат (бар болса).

Толық мәлімет алу үшін тұрғылықты мекен-жайы бойынша жұмыспен қамту орталығына хабарласу қажет.

 

 

Пікір жазу