Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ОРНЫ: Жұмыспен қамту – басты міндет

ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ОРНЫ: Жұмыспен қамту – басты міндет

«Еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында 2024 жылдың 02- ші мамыр күні «Әлеуметтік жұмыс орны» бағдарламасымен жұмыссыз тіркеліп тұрған Т.Рысқұлов ауылының тұрғыны Маймаков Момынжан Амиракулович «Гульзира» ЖК-не құс өсіруші болып жолданған болатын. Қазіргі таңда тиісті жұмыстарын абыроймен атқаруда.

Жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту орталығымен шарт негізінде жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін жалақысы субсидияланатын әлеуметтік жұмыс орнын құрады.

Әлеуметтік жұмыс орнындағы жұмыс уақытша сипатқа ие, қатысу ұзақтығы 12 айдан аспайды.

Жалақы төлеуді жұмыс беруші нақты жұмыс істеген уақыты үшін ай сайын еңбек шартында белгіленген мөлшерді негізге ала отырып жүзеге асырады.

Мемлекет жұмыс беруші белгілеген жалақы мөлшерінің 35%-ын, бірақ 20 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) аспайтындай мөлшерін субсидиялайды.

Әлеуметтік жұмыс орны – еңбекақысын субсидиялау арқылы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін халықты жұмыспен қамту орталығымен шарт негізде жұмыс беруші ашатын жұмыс орны. Ашылатын жұмыс орындары ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайы зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда болмауы тиіс.

Жұмыссыздардың:

1) халыққа қызмет көрсету орталықтарынан:

ыңғайлы жұмыс іздеу және жұмысқа орналасуға көмектесу қызметтерін, оның ішінде жұмыспен қамтуға көмектесудің белсенді шараларын;

қызмет түрін (кәсіп) таңдау немесе өзгерту мақсатында әлеуметтік кәсіптік бағдар бойынша қызмет және кеңес, ақпарат беру қызметтерін;

еңбек нарығының ортақ ақпараттық базасындағы өзі туралы мәліметті тегін алуға;

2) өзі міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болса, жұмыстан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемдерге;

3) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» заңына сәйкес атаулы әлеуметтік көмекке;

4) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға құқығы бар.

Әлеуметтік жұмыс орындарына қатысу үшін жұмыссыздарға мынадай құжаттарды тіркей отырып өтініш беру үшін халықты жұмыспен қамту орталығына бару қажет:

– жеке басты куәландыратын құжат көшірмесі (сәйкестендіру үшін);

– еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болса);

– білім туралы құжат көшірмесі (бар болса).

Әлеуметтік төлемдерді алу үшін тіркелген жер бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына барып мынадай құжаттарды ұсына отырып өтініш беру керек:

– жеке басты куәландыратын құжат;

– мекенжай анықтамасы (тұрақты тұратын жер бойынша тіркеу туралы мәлімет);

– Халықты жұмыспен қамту орталығынан өзіңізді жұмыссыз ретінде тіркеу туралы анықтама;

– банктік шот нөмірі туралы құжат;

– Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген негіздемелер бойынша еңбек қатынастарының бұзылғанын растайтын жұмыс беруші актісінен үзінді көшірме.

Сонымен қатар egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы әлеуметтік төлем тағайындау туралы өтініш беруге болады – бұл үшін Сізге:

– ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) алу;

– авторлану және әлеуметтік төлем тағайындауға қажет мәліметтерді тіркей отырып өтінім беру керек.

Қызмет көрсетілетін мерзім: 8 жұмыс күні. Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: жұмыстан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемдер тағайындау не әлеуметтік төлім тағайындаудан негізді бас тарту туралы хабарлама алу.

“Әлеуметтік жұмыс орны“ — бағдарламасына жұмыссыз азаматтар(ша) қатыса алатындығын хабарлаймыз.

Мекенжайы: Т.Рысқұлов ауылы, Т.Рысқұлов к-сі, 318.

Тел: 8 (725 38) 52 864

8 (725 38) 52 724

 

 

Пікір жазу