Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ЫНТЫМАҚҚА ЖАҢА ӘКІМ САЙЛАНДЫ

ЫНТЫМАҚҚА ЖАҢА ӘКІМ САЙЛАНДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып отырған қала, кент, ауылдық округ әкімдерінің сайлауы Жетісай ауданында да жоғары деңгейде өтті, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Жетісай Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 13 человек
Ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінде Ынтымақ ауылдық округінің тұрғындары өз таңдауларын жасап, демократиялық жолмен өз әкімдерін сайлады. Сайлау ережесіне сәйкес халықтың арасында кездесулер өткізіп, алдағы жылдары жұмыс істеуге бағытталған бағдарламаларын таныстырып, үгіт-насихат жұмыстары жұртшылықтың көңілінен шыққан Елеусізов Нурболат Әбдімажитұлы округ әкімі болып сайланды.
Осынау саяси додада көпшіліктің күдігін сейілтіп, елдің сеніміне ие болған, сайлауда жоғары дауыс жинап әкімдік лауазымға лайықты деп танылған Нұрболат Әбдімажитұлын бүгін Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов пен Жетісай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Бақыт Серіков сайлау комиссиясының шешімі мен куәліктерін салтанатты түрде табыс етті. Шараға аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов пен «AMANAT» партиясы Жетісай аудандық филиалының атқарушы хатшысы Асқар Қайназаров, жергілікті ақсақалдар мен мекеме басшылары қатысты.
Возможно, это изображение 4 человека
«Әрбір азамат саясатқа тікелей қатысып, ауыл басшылығын өзі сайлауға қатысып дауыс беруі және әкімнің әрі қарай жұмысына сенім білдіруі жергілікті өзін-өзі басқару принциптерін жүзеге асырылуына әсерін тигізеді.
Өз кезегінде, сайланған әкімдер ең алдымен өз ауылдарының инфрақұрылымдық, әлеуметтік, ауыл шаруашылығы мәселелерін қажетті инвестицияларды тарту және қаржыландыру арқылы шешуге тырысуы тиіс.
Тұрғындар мен әкімнің арасында ешқандай да кедергі болмауы керек. Бұл «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасының орындалуының бір көрінісі деп білемін» деген аудан басшысы Ынтымақ ауылдық округіне сайланған жаңа әкімге елді мекендердегі қордаланған мәселелерді шешуді, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін жоғарылатуды, санитарлық тазалық жұмыстарын жүйелендіру мен бұқаралық спортты дамытуды қадап тапсырды. Алдағы атқарар істеріне сәттілік тіледі.
Возможно, это изображение 7 человек и текст
Елеусізов Нурболат Әбдімажитұлы 1992 жылы 21 ақпанда Шымкент облысы, Киров ауданы, Победа совхозында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. Мемлекеттік қызмет саласындағы еңбек өтілі 10 жыл 9 ай 26 күн.
20213 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдап, 26.11.2013 – 17.03.2014 жылдар аралығында Мақтарал ауданының Ынтымақ ауылдық округі әкімі аппаратында бас маман-заңгер міндетін атқарушы;
Возможно, это изображение 3 человека и текст
17.03.2014 – 26.01.2015 жылдары Мақтарал ауданының Ынтымақ ауылдық округі әкімі аппаратында бас маман-заңгер;
26.01.2015 – 10.09.2018 жылдары Мақтарал ауданының Ынтымақ ауылдық округі әкімі аппаратында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бойынша бас маман;
10.09.2018 – 16.09.2024 жылдары Жетісай ауданының Ынтымақ ауылдық округі әкімі аппаратында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бойынша бас маман қызметтерін атқарған.
Отбасылы, 4 перзенті бар.
© Didarbek.kz

Пікір жазу