Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНЫҢ МӘДЕНИ КҮНДЕРІ ГАЛА-КОНЦЕРТПЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНЫҢ МӘДЕНИ КҮНДЕРІ ГАЛА-КОНЦЕРТПЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

«Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында Қазығұрт ауданының мәдени күндері өз мәресіне жетті, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Қазығұрт Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Шара Түркістан қаласындағы «Керуен сарай» кешенінде өткен «Түркістаным-Тұраным, жер киесі-Қазығұртым» атты мерекелік гала-концертпен қорытындыланды.
Возможно, это изображение 3 человека, динамик, осветительное оборудование и саксофон
Гала-концертте эстрада жұлдыздары «Бақай» тобы, қазығұрттық күміс көмей, жез таңдай әншілер, мың бұралған бишілер мен басқа да өнерпаздар өз таланттарын көрсетті. Мерекелік кешке келген өңір тұрғындары мен қонақтары, туристер керемет көріністердің куәсі болып алдымен цирк нерпаздарының таңғажайып талантын тамашаласа, кейіннен ән-би кешіне куә болды.
Возможно, это изображение 6 человек
Көпшілік қауым мерекелік концерттен әсерлене орынынан тұрып тамашалап, кеш соңында қимай қоштасты.
© Didarbek.kz

Пікір жазу