Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ЖЕРЛЕСІМІЗ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘН ДОДАСЫНДА ТАЛАЙДЫ ТАМСАНДЫРЫП, ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

ЖЕРЛЕСІМІЗ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘН ДОДАСЫНДА ТАЛАЙДЫ ТАМСАНДЫРЫП, ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

13 қыркүйек күні Ақтөбе облысында «Еркелей аққан ор өзені» дәстүрлі XVI республикалық ән байқауында Түркістан облысының намысын қорғаған Созақ аудандық «Мыңжылқы» мәдениет сарайы директорының шығармашылық жөніндегі орынбасары, әнші Айдос Әлқуат ән орындау шеберлігімен талайды тамсандырып, жүлделі III орынды иеленді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Созақ Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение текст
Ақтөбе қаласының 155 жылдығына орай ұйымдастырылған байқау ІІ кезең бойынша өткізілді. Талантты жерлесіміз I кезеңде Жайықтың ақ шағаласы атанған ақын Ақұштап Бақтыгерееваның сөзіне жазылған ақтөбелік танымал композитор Бейбіт Оралұлының «Алғашқы көктем» әнін, ақтық кезеңде Ақтөбе облысынан шыққан ақын Сағи Жиенбаевтың сөзіне жазылған әйгілі композитор Ескендір Хасанғалиевтың «Айналдым елім» әнін аса шеберлікпен орындап шықты.
Қатысушылардың өнерін Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, әнші, әйгілі Димаш Құдайбергеновтың ұстазы Марат Әйтімов, Ақтөбе облыстық халық шығармашылығы орталығы директорының орынбасары Болысбек Қайрат және «Дарын» жастар сыйлығының иегері, вокал шебері Нұртас Омаров сынды кәсіби мамандар бағалады. Олар байқауға қатысушы үміткерлердің әнді орындау шеберлігіне, орындаушылардың сахна мәдениеті мен киім үлгісіне, табиғатына сай ән таңдауына, дауыс диапазонына, әртістік қабілетіне баса назар аударды.
Возможно, это изображение 4 человека и текст
Айта кетейік, аталмыш сайыстың мақсаты өңірден шыққан композиторлардың әндерін кеңінен насихаттау мен талантты әнші, орындаушыларды анықтауға, дарынды жастардың шеберлігін шыңдауға және оларға қолдау көрсетуге бағытталған.
© Didarbek.kz

Пікір жазу