Еңбекші ауданының аумағында 2024 жылдың 16 қыркүйек және 01 қараша аралығында «Участок» атты жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Еңбекші Аудандық Полиция Басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Іс шара барысында профилактикалық және тізімдік есепте тұрған тұлғаларды мекен-жайлары және жұмыс орындары бойынша тексеріп, құқық бұзушылықтың алдын-алу бойынша профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.
«Участок» жедел-профилактикалық іс-шарасының өтуі барысында құқық бұзушылыққа бейім адамдар тізімі анықталып, есепте тұрған сотталғандардың тұрғылықты мекенжайы бойынша тексерістер жүргізіліп, сотталғандармен профилактикалық әңгімелер жүргізілуде.
© Didarbek.kz