Кентау қаласының әкімі Жандос Тасовтың төрағалығымен кезекті аппараттық жиын өтті. Жиынның күн тәртібінде үш мәселе қаралды, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Кентау Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бірінші болып қалалық экономика және қаржы бөлімінің басшысы И.Азизбаев қалада 8 айдың қорытындысымен әлеуметтік-экономикалық дамуының орындалуы бойынша баяндама жасады.
Жалпы қалада өнім көлемі 50,9 млрд. теңгені құрап, 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 111,6% құрады. Өнеркәсіп өнімін өндірудің негізгі үлесі 3 ірі, 17 орта және шағын кәсіпорындар есебінде. 2024 жылдың 8 айының қорытындысымен өнеркәсіп кәсіпорындар– 32869,5 млн.теңгеге өнімін өндіріп, нақты көлем индексі 102,5% құрады. Қалаға тартылған инвестиция көлемі 2023 жылы 8 айда 12093,4 млн. тенге болса, 2024 жылы 16200,2 млн.теңгені құрап, 130,6%-ға артқан.
Екінші болып баяндама жасаған «Жасыл қала» КММ-нің басшысы М.Гайруллаев қала және оған қарасты ауылдарда күзгі ағаш отырғызу жұмыстарына дайындық барысы бойынша баяндады.
Кентау қаласы бойынша 2024 жылдың күз айына облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасынан жоспарға сәйкес 9000 түп қарағаш егу тапсырылған.
Оның ішінде: 7650 түбі «Жасыл аймақ» учаскесіне отырғызылмақ. Қалған талдар қалаға қарасты 4 ауылға 1350 түп көшет беру жоспарлануда.
Сондай-ақ, 2025 жылдың көктем айында 8250 түп, күз айында 8250 түп көшеттер отырғызу жоспарға енгізілген деді мекеме басшысы.
«109 байланыс» орталығының басшысы Ж.Қожахмет секторлардағы берілген тапсырмалардың орындалу барысын атап өтті.
Әбріб баяндамашыны тыңдаған қала басшысы бірқатар тапсырмалар беріп, жұмысы баяу жүріп жатқан сала басшыларын сынға алды. Жұмысды жеделдетіп атқаруды тапсырды.
Сондай-ақ, облыс тарапынан берілген көрсеткіштерді жыл соңына дейін нақты орындауды, берілген тапсырмаларға немқұрайлық танытатын басшыларға шара көрілетінін ескертті.
© Didarbek.kz