Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » КЕЛЕСТІК МЕКТЕП ТҮЛЕГІ ИТАЛИЯДА ТІЛ НЕВРОЛОГИЯСЫ МЕН МӘДЕНИЕТТАНУДЫ ЗЕРТТЕУДЕ

КЕЛЕСТІК МЕКТЕП ТҮЛЕГІ ИТАЛИЯДА ТІЛ НЕВРОЛОГИЯСЫ МЕН МӘДЕНИЕТТАНУДЫ ЗЕРТТЕУДЕ

Келес ауданының Бірлесу ауылдық округінде орналасқан №33 “Жуантөбе” жалпы білім беретін мектебінің 2019 жылғы түлегі Саттар Жансая Нұрланқызы қазіргі таңда Италияның Парма қаласында магистратурада грант негізінде білім алуда, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Келес Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 12 человек и Котсуолдс
Дарынды шәкірт жақында Harvard университетіне «Қазіргі әлемді басқаратын бірегей идеяларды жасаудың негізгі құндылығын көрсететін «Жаңа көкжиектерді құру: бүгін мен болашақты карталау» болашақ көшбасшы, спикер ретінде қатысып, халықаралық деңгейде сертификат алды.
– Мектеп ұстаздары осындай дарынды түлектерін қашан да мақтан тұтады. Жансаяның тілдерді меңгеруіне ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Букенбаева Шолпан Ешмановнаның еңбегі зор болды. Білім ордамызда оқушылардың жан-жақты дамуы үшін барлық жағдай жасалған, — дейді мектеп директоры Жазира Тиленова.
Возможно, это изображение 7 человек, флаг и текст
Айта кетейік, келестік түлек Harvard университетінен бөлек, Сambridge (Кембридж) университетіне көшбасшылықты басқару тақырыбында 5 күндік семинарға қатысып, жақсы көрсетікш көрсеткені үшін сертификатталған болатын. Бүгінде №33 «Жуантөбе» жалпы білім беретін мектебінде қазіргі таңда 900-ден аса оқушы білім алады.
© Didarbek.kz

Пікір жазу