Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ҰЛТТЫҚ СПОРТЫМЫЗ ҰЛЫҚТАЛДЫ

ҰЛТТЫҚ СПОРТЫМЫЗ ҰЛЫҚТАЛДЫ

«Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында Түркістан қаласында өткізіліп жатқан Қазығұрт ауданының мәдени күндерінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Қазығұрт Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Атап айтқанда, Этноауыл кешеніне жиналған көпшілік асық ату, садақ ату, қол күресі, қошқар көтеру, арқан тарту және күрес түрлерінен жарысқа түсіп, күш сынасты. Көрермен болып келген жұрт сайысқа қатысушылардың шеберліктері мен өнерлеріне тәнті болып тамашалады.
Возможно, это изображение 3 человека, люди занимаются стендовой стрельбой, люди играют в гольф и текст
Барша сайыс түрлерінен жеңімпаз атанған қатысушыларға медальдар, кубоктар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
© Didarbek.kz

Пікір жазу