Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ҚОҒАМ АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ САЙЛАНДЫ

ҚОҒАМ АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ САЙЛАНДЫ

2024 жылы 15 қыркүйекте өткен Қоғам ауылдық округі әкімі сайлауының нәтижелеріне сәйкес, аудандық сайлау комиссиясының шешімімен Қоғам ауылдық округінің әкімі болып Жамалханов Шоқан Жамалханұлы сайланды, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Отырар Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 1 человек и отдел новостей
Бүгін Қоғам ауыл округіне арнайы барған аудан басшысы Кайрат Жолдыбайұлы жаңадан сайланған ауыл әкімін қоғамдықтарға таныстырып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
Аудан әкімі халықпен тығыз байланыста, ауызбіршілікте және түсіністікте жұмыс жасау керектігін айтып, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамына бағытталған негізгі міндеттерді абыроймен атқаратынына сенім білдірді.
Жиын барысында аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Нурлан Жубаев куәлік табыстады.
Жамалханов Шоқан Жамалханұлы 1974 жылдың 3 ақпанда Отырар ауданы Талапты ауылында дүниеге келген.
Білімі жоғары 1998 жылы Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ түрік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1999 жылы Отырар аудандық мемлекеттік нотариаттық кеңсесінде келісім шарт негізінде қызметкер болып бастаған.
Возможно, это изображение 2 человека и текст
2002-2011 жылдары Отырар аудандық сотының сот приставы, аға сот жасауылы, сот мәжілісінің хатшысы, 2011-2012 жылдары аудан әкімі аппаратының бақылау және кадрлық жұмыс бөлімінің бас маманы, 2012-2017 жылдары ұйымдастыру инспекторлық бөлімінің басшысы, 2017-2019 жылы ақпараттық қауіпсіздік және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің басшысы, 2019 жылдан осы уақытқа дейін аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру инспекторлық бөлімінің басшысы қызметін атқарып келген.
© Didarbek.kz

Пікір жазу