Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды сатып алу бойынша республикалық акция өтеді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түлкібас Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қару-жарақ заттарын ерікті түрде тапсырғаны үшін олардың техникалық жағдайына байланысты комиссияның шешіміне сәйкес 10-нан 100 АЕК-ге дейінгі сомада төлем көзделген. Сонымен қатар, заңсыз айналымдағы қаруды, оқ-дәрілерді немесе жарылғыш заттарды ерікті түрде тапсырған тұлғалар ешқандай жауапкершілікке тартылмайды.
ҚҰРМЕТТІ ТҮЛКІБАС АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ АКЦИЯ ӘЛІ ЖАЛҒАСЫП ЖАТҚАНЫН ЕСТЕРІҢІЗГЕ САЛАМЫЗ
Түлкібас аудандық полиция бөлімі аудан тұрғындарына акцияға белсенді қатысуға шақырады. Сұрақтарыңыз бойынша жауапты тел: 102 және 87054172097 нөмірлері арқылы алуға болады. Түлкібас АПБ 2024 ж.
(Фото сурет әлеуметтік желінден алынған)
© Didarbek.kz