Aудан басшысы Арман Абдуллаевтың төрағалығымен Сарыағаш ауданы әкімдігінің жанындағы шекара мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесі мәжілісінің кезектегі отырысы өтті, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Сарыағаш Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Күн тәртібіндегі «мемлекеттік шекара сызығына жақын аймақтарда заңсыз кәсіпшілік қызметті жүргізу , осы орайда: аң аулау, балық аумау бойынша түсіндіру жұмыстары» мәселесі бойынша ауданның кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы А. Амирхановтың баяндамасы тыңдалды.
Келесі кезекте шекара маңына жақын орналасқан Жібек жолы ауылдық округінің әкімі А. Сейтжаппаров және және Дербісек ауылдық округ әкімі Д. Артықбай «инженерлік-техникалық құрылғыларға зақым келтіру, инженерлік-техникалық құрылғылардың жанында бақылаусыз үй жануарларын жаю және ен салу, таңбалау жұмыстары бойынша түсіндіру жұмыстарының нәтижелерін баяндады.
Жиналыс қорытындысымен аудан аумағында шекаралық аймаққа кіретін қала және ауылдық округтерге және жауапты мекемелерге тиісті жұмыстар жүргізу жөнінде тапсырмалар берілді.
© Didarbek.kz