Түркістан облысындағы халық тығыз орналасқан аудандардың бірі Келес ауданы болып табылады, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Келес Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аудан орталығы Абай ауылындағы №7 жалпы білім беретін мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Мұхтар Абдрахманұлы мен оның жұбайы тарих пәнінің мұғалімі Индира Асылбекова отбасында 8 перзентті тәрбиелеп отыр.
– Мұғалім мамандығын таңдағаныма өкінбеймін. Жарым екеуіміз де ұстаздық жолын таңдағанбыз. Ал тұңғышымыз Диана Шымкент қаласындағы №47 Т.Тәжібаев атындағы гимназия мектебінде, екіншіміз Мадина — студент. Ұлжан, Балжан, Нұрмұхаммед, Байкен – мектеп қабырғасында. Тауман мен Асылым балабақшада тәрбиеленуде. Қазіргі таңда біз заман талабына сай өмір сүріп, өркендеріміздің робототехника саласын дамытуға үлес қосуы үшін барымды салып келемін, — дейді Мұхтар Абдрахманұлы.
Үнемі ізденісте жүретін мұғалім мектепте оқушыларды робототехникаға баулып, олардың аудандық және облыстық олимпиадаларда бақ сынауына мұрындық болып жүр. Жас өрендердің анасы Индира болса тарих пәніне сабақ береді.
© Didarbek.kz