Осындай тақырыпта аудандық «Белсенді ұзақ өмір сүру және тең қоғам» бөлімшесінің ұйытқы болуымен 1 қазан-Халықаралық қарттар күніне орай мерекелік шара ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түлкібас Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Іс-шараға аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Сәтбай бастаған қарияларымыз бен ақ жаулықты әжелеріміз қатысып, ашық аспан астында концерттік бағдарламаны тамашалап, арнайы жайылған дастарханнан дәм тәтті.
Іс — шарада белсенді аталарымыз Н.Мұсабаев пен К.Шонанов ақ баталарын беріп, ауданымыздағы ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Қасымбеков, аудандық маслихат кеңесшісі Т.Бердиев, «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Р.Қалдарбеков, орталық директоры А.Лес жүрекжарды құттықтау сөздерін айтып, мерекеге орай өз тілектерін білдірді.
Қазыналы қарттарымыз ұйымдастырылған шараға ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жеткізді.
Айта кетерлік, қазіргі таңда аудандық «Белсенді ұзақ өмір сүру және тең қоғам» орталығында 16 қызметкер жылына мың екі жүзден астам, тәулігіне 20-30 дейін ардагерлер мен мүмкіндігі шектеулі қарияларымызға қызмет етуде.
© Didarbek.kz