«Шексіз бауырластық – III» көпұлтты оқу-жаттығуы шеңберінде Арнайы операциялар күштерінің қолбасшылығы жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, Түркістан облысының көрікті жерлеріне экскурсия ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Отырар Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқу-жаттығуына қатысушылар АРЫСТАНБАБ кесенесіне және Отырар мемлекеттік археологиялық музей-қорығын аралады.
Шетелдік қонақтарға киелі Отырар тарихынан сыр шертетін жәдігерлер таныстырылып, қазақ халқының ұлттық тағамдары ұсынылды. Өз кезегінде қонақтар қазақ халқының қонақжайлылығы мен шынайы құрметіне ризашылығын білдіріп, алғысын айтты.
Түркістан облысында алғаш рет өтіп жатқан «Шексіз бауырластық-III» атты көпұлтты оқу-жаттығуына Әзірбайжан, Қазақстан, Катар, Пәкістан, Түркия және Өзбекстанның арнайы мақсаттағы бөлімшелері қатысуда. Жаттығуға байқаушылар ретінде Иордания мен Қырғызстан Қарулы Күштерінің өкілдері шақырылған.
© Didarbek.kz