«Қыстың қамын жаз ойла» демекші, қала әкімдігі қала және ауылдар тұрғындарынан жылыту маусымына дайындалып, көмір пайдаланатын тұрғындарға алдын ала сатып алуларын сұрайды, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Арыс Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгінгі таңда, қаламызда орналасқан «Coal Sistem Trade» ЖШС-не (бұрынғы ТопБаза) (17000 тонна), ИП Сайлауова (3 500 тонна) көмір сату нүктелерінде жеткілікті мөлшерде көмір қоры жеткізілген.
Қыстың қытымыр аязы жақындағанда көмірді жұрттың бәрі жаппай сатып алатындықтан кезектер туындауы мүмкін.
Сонымен қатар сұраныстың артуына қарай бағаның өсуіне алып келеді. Мұндай жағдай болмас үшін, жеке сектор тұрғындарына жылыту маусымына ертерек қамданып, қазірден бастап көмір қорын жинақтап алуларыңызды сұраймыз.
© Didarbek.kz