Мақтаарал ауданы ішкі саясат бөлімінің ұйымдастырумен «Қазақ халқының тарихындағы әйел мәртебесі және исламдағы бейнесі» атты тақырыпта Мақтаарал ауданындағы әйел-қыздарға арналған семинар өткізілді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Мақтаарал Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Семинарға Мақтаарал ауданының әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлова, ҚМДБ-сы Түркістан облысы бойынша әйел-қыздар секторының жетекшісі Еңлік Әбиева, Мақтаарал ауданы әжелер алқасының төрайымы Шахзада Құрбанбаевалар қатысты.
Кездесу барысында спикерлер ері мен елінің, ұрпақтың тілекшісі – ана болғанын, түркі халықтарында әйел құқығы ер адамнан кем түспейтіндерін атап өтті. Тарихтағы құрмет пен мәртебеге ие әзиз аналар, қайсар қыздарымыз туралы кең көлемде ақпараттар берді.
Семинарға кенттер мен ауылдық округтерінің әжелер алқасының төрайымдары, аналар кеңесінің мүшелері, жас келіндер және 9,10,11-сыныптардың қыз балалары қатысты.
© Didarbek.kz