Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ЖҰМЫЛА КӨТЕРГЕН ЖҮК ЖЕҢІЛ

ЖҰМЫЛА КӨТЕРГЕН ЖҮК ЖЕҢІЛ

Келес ауданына қарасты Қошқарата ауылдық округінің тұрғыны Дилшод Сайдумаровтың шаңырағында қайғылы жағдай орын алып, үйі өртенген болатын, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Келес Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Абырой болғанда адам шығыны орын алмады. Үй толығымен өртеніп, жарамсыз халге жеткен. Өрттің шығуы электр желісінің қысқа тұйықталуынан орын алған.
Возможно, это изображение 3 человека
Бүгінде дүйім ел ауылдастарының басына түскен қайғылы жағдайды арылту мақсатында «Асар» жолымен көмек көрсетуде. Осы орайда Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев пен аудан әкімінің орынбасары Даурен Сариев аталған шаңыраққа барып, бүгінгі отбасының жағдайымен танысты.
— Өрт тілсіз жау. Орын алған жағдай бойынша жергілікті әкімдік пен коммуналдық мекемелер тиісті шараларды ұйымдастырады. Қажетті техникалар және тұрғын үй ресурстары жеткізіледі. Жауынды маусым басталғанша үйіңіздің негізгі бөлігін аяқтап, үстін жабу жұмыстары ұйымдастырылады. Осындайда елдігімізді көрсетіп, қолғабыс болған барша жерлестерге алғысымды айтамын. Жағдайды өз бақылауымда ұстаймын, — деді аудан басшысы Жәнібек Есенұлы.
Возможно, это изображение 3 человека
Айта кетейік, қазіргі таңда тұрғын үйдің электр бағаналары орнатылып, үйдің қабырғасын қалау жұмыстары жүріп жатыр. Аудан әкімі Қошқарата ауылдық округінің әкімі мен Келес Қызмет мекемесінің басшысына жұмысшылар санын арттырып, үй құрылысын ширатуды тапсырды.
© Didarbek.kz

Пікір жазу