Кентау қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Жастар әлемі» іс-шарасы өткізілді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Кентау Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жиында Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Е. Бектаев пен қалалық ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы С. Бақытұлы жастарға серпін берер алғы сөздерімен бөлісті.
Кездесуде «Жастар әлемі» атты ОАОО-ның тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және жастармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жүргізіп жүрген мекеме қызметкерлері мараптталып, қала әкімінің «Алғыс хаттары» табысталды.
Мұндағы мақсат — жастар арасындағы ынтымақтастықты жүзеге асыру және алдағы уақытта атқаратын жұмыстарға белсенділіктерін арттыру болатын.
Шара соңы жастардың рухын көтеретін әндер шашуға ұласты.
© Didarbek.kz