Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДЕН ШЫҒАТЫН САРҚЫНДЫ СУ ЖИНАЛАТЫН ОРЫНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДЕН ШЫҒАТЫН САРҚЫНДЫ СУ ЖИНАЛАТЫН ОРЫНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитов пен тиісті тұлғалар бастаған топ келесі кезекте Ақбұлақ ауылындағы Рәсіл ата көшесіне келді. Аралау барысында көпқабатты тұрғын үйлерден шығатын сарқынды суларды жинау орнына қатысты түйткілді мәселенің мән-жайына қанықты. Мұнда 2020 жылы салынған аталған нысанның жер телімінің көлемі 0,80 га аумақты құрайды.
Айта кетейік, қазіргі таңда сарқынды суларды жинайтын қосымша орындар салу бойынша қажетті жобалық-сметалық құжаттар дайындалған. Аудан басшысы жауапты тұлғаларға алдағы уақытта ол құжаттарды бюджеттік өтінімге енгізу керектігін тілге тиек етті.
Сондай-ақ, әр көпқабатты тұрғын үйдің ауласына сарқынды суларды жинау ұңғымаларын жеке-жеке қазу мүмкіндігін қарастыру қажеттігін айтты. Және тиісті орындарға тазарту жұмыстарын жүргізу жайлы тапсырмалар жүктеді.

Пікір жазу