Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

Жұмыспен қамтудың белсенді шарасы саналатын Қоғамдық жұмыс бағдарламасы тек жас мамандар үшін ғана емес, әр жастағы жұмыссыз азаматтар үшін зор мүмкіндік. Қоғамдық жұмыс – аула сыпырушы, тазалықшы секілді жұмысшылардан басқа – мұғалім, дәрігер, инженер, есепші, заңгер, көлік жүргізуші, іс жүргізуші, т.б маман  иелеріне арналады.
Суйиндиков Муктар Тангирбепгенович, Тулкибас ЖШС-не ақылы қоғамдық жұмыс бағдарламасы бойынша бағбаншы ретінде жолданған. Қоғамдық жұмыстарды жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамтамасыз ету үшін мансап орталықтары ұйымдастырады. Қоғамдық жұмыстар қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейді және әлеуметтік пайдалы бағытта болады.
Қоғамдық жұмыстарға қатысу ұзақтығы 12 айдан аспайды.
Айына жалақы мөлшері экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда, салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды және пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақыны ескере отырып, 20 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) төмен емес белгіленеді.
Қоғамдық жұмыстарға қатысуға келесілердің құқығы бар:
• тіркелген жұмыссыздар
• студенттер мен жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары оқудан бос уақытында, денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмыстарда
• тоқтап тұруға байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдар
Жолдама алу үшін тұрғылықты жері бойынша мансап орталығына жүгіну қажет.
Толық ақпаратты: «Түлкібас аудандық мансап орталығы» филиалынан біле аласыз.
Мекен-жайы:Т.Рысқұлов ауылы, Т.Рысқұлов к-сі, 318
 Тел: 8 (725 38) 52 864, 8 (725 38) 52 724.

Пікір жазу