Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛДЫҢ 8 АЙЫНДА ҮШ МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЕҢБЕК БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНА ЖҰМЫСҚА ТАРТЫЛҒАН

АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛДЫҢ 8 АЙЫНДА ҮШ МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЕҢБЕК БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНА ЖҰМЫСҚА ТАРТЫЛҒАН

Өткен жылдың тиісті кезеңінде Түлібас ауданында жұмыссыздық деңгейі 5,1 пайызды құраса, 2024 жылы бұл көрсеткіш төмендеп, жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызды құрап отыр.
Биылғы жылы жұмыс орындарын құрудың өңірлік картасы шеңберінде жалпы субсидияланатын жұмыс орындарына 1468 адам жолданса, «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде 2907 азамат жұмыспен қамту шараларына тартылған. Ал, тұрақты жұмыс орындарымен ағымдағы жылдың 8 айында 1356 азамат қамтылып отыр. Сонымен қатар жыл басынан бері жұмыссыз жүрген 83 азаматқа өз кәсібін ашуға 400 айлық есептік көрсеткіш қайтарымсыз грант тағайындалған.
Бұл туралы бүгінгі аудан әкімі Нұржан Ізтілеуовтың төрағалығымен өткен апталық лездемелік жиында аудандық Мансап орталығының директоры Ерсұлтан Байбатчаев мәлімдеді.
Сондай-ақ, аппараттық жиында жұмыспен қамту саласындағы өзекті мәселелер, ауыл-аймақтың тазалығы және тұрғындардан түскен арыз-шағымдар мен өтініштердің орындалу барысы қаралды.
Жауапты баяндамашылардан соң, басқосуды қорытындылаған аудан әкімі жұмыссыздық мәселесін жою мақсатында нақты шаралар қабылдап, жаңадан ашылған кәсіпкерлік нысандарына тұрғындардың жұмысқа орналасуы бойынша жұмысты ілгерілету керектігін атап өтті.
Тұрғындардан түскен өтініштерге Заң талаптарына сай дер кезінде жауап бермеген мекеме басшыларын сынға алып, тиісті бөлім мамандарына салаға қатысты оқу-семинарларын жиі өткізіп тұруды тапсырды.
Ауыл-аймақ тазалығы еш қашанда күн тәртібінен түспейтіндігін жеткізіп, ортақ тәртіпке бас имей, көше бойына күл-қоқыс, құрылыс және т.б. заттарды тастайтын тұрғындарға учаскелік инпекторлармен бірлесіп айыппұл салу керектігін ауыл әкімдеріне ескертті.

Пікір жазу