Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮЛКІБАС АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ КӨП ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫН ЖЫЛДАМДАТУДЫ ТАПСЫРДЫ

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ КӨП ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫН ЖЫЛДАМДАТУДЫ ТАПСЫРДЫ

Бүгінде Түлкібас ауданында үй кезегінде тұрған азаматтардың өтініштерін қанағаттандыру өзекті мәселенің бірі болып тұр. Қазіргі таңда үш мыңнан астам түлкібастық баспанаға мұқтаждардың қатарында.
Аталған мәселені кезең-кезеңімен шешу мақсатында, аудан аумағында тиісті жұмыстар атқарылуда.
Атап айтсақ, аудан орталығына қарасты «Нұршуақ» мөлтек ауданынан 2 қабатты(1-16 пәтерлі, 2-20 пәтерлі) 56 пәтерді құрайтын 3 тұрғын үйдің, «Бақыбек» мөлтек ауданында 3 қабатты 48 пәтерді құрайтын 4 тұрғын үйдің(4-16 пәтерлі) құрылысы жүргізілуде. Нысандар жыл соңына дейін ел игілігіне пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Бүгін аталған көп қабатты тұрғын үйлердің құрылыс сапасын бақылау мақсатында аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов жауапты орынбасары және мамандармен арнайы нысан басына барып, атқарылып жатқан жұмыстар барысын саралады.
Әр үйге жеке-жеке кіріп, кем-кетік тұстарын ретке келтіру және нысанның сапалы болуына, ауа-райының қолайлы шағын пайдаланып тездетіп бітіру бойынша мердігерге біршама ескертулер жасады.
Жауапты бөлім басшысына жұмысты күшейтілген режимде жүргізілуін қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.

Пікір жазу