Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ҚАЗЫҒҰРТ: КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ-КЕҢЕСШІ ОРГАННЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ҚАЗЫҒҰРТ: КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ-КЕҢЕСШІ ОРГАННЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін Қазығұрт ауданы әкімдігі ғимаратының мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Серік Тұрсынқұловтың төрағалығымен консультациялық-кеңесші органның кезекті отырысы өтті. Жиынға аудандық білім бөлімінің басшысы, аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері, аудандық Полиция бөлімінің пробация қызметкері, аудан әкімдігінің дербес бөлім басшылары мен тиісті мамандар қатысты.
Отырыстың күн тәртібінде өзекті 2 мәселе қаралды:
1. Пробация қызметінің есебінде тұратын адамдарға әлеуметтік, құқықтық, медициналық, психологиялық көмектер көрсету, сондай-ақ мәдени, спорттық, бұқаралық іс-шараларға тарту туралы;
2. Пробация қызметі есебінде тұрған адамдардың отбасындағы тәрбие және білім беру ұйымдарындағы балаларын тегін лагерлерге жіберу, мектепке қажетті киімдермен, құрал-жабдықтарымен қамтамасыз ету, сондай-ақ, өзге де әлеуметтік көмектерді ұйымдастыру туралы.
Күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқыланып, тиісті мамандарға тапсырмалар берілді.

Пікір жазу