Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » «ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ-ЗАМАН ТАЛАБЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА АУДАНДЫҚ ФОРУМ ӨТТІ

«ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ-ЗАМАН ТАЛАБЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА АУДАНДЫҚ ФОРУМ ӨТТІ

Түлкібас ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру, 2024-2025 оқу жылында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 31 тамыздағы № 748 қаулысы негізінде «Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарды» орындау мақсатында құзырлы мемлекетттік мекемелермен, ата-аналармен, білім беретін мектептердің мамандарымен «Құқықтық сауаттылық – заман талабы» тақырыбындағы аудандық ФОРУМ өтті.
Аталған форумға аудандық полиция бөлімі, аудандық денсаулық сақтау бөлімі, төтенше жағдайлар бөлімі, білім бөлімінің мамандары, ДТІЖО, әлеуметтік педагогтар, педагог-психолог сынып жетекшілер, ата-аналар комитетінің төрағалары, ата-аналар жалпы саны 360 адам қатысты..
Түлкібас ауданы білім бөлімінің басшысының міндеттін уақытша атқарушы Кыдыралиев Досжан Қуандықұлы кіріспе сөзінде кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қылмыстың алдын-алу және оны болдырмау жолдары негізінде жүйелі жұмыстар атқару үшін нақты тапсырмалар берді.
Қазіргі даму кезеңіндегі ата-аналармен жұмыс «Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі» тақырыбында аудандық ата-аналар комитетінің төрағасы Миразизов Мырсалы Фузаилұлы баяндама оқыды.
«Тәрбие – талбесіктен: Ұрпақ тәрбиесінде байқалмайтын қателіктер. Бала тәрбиесімен ата-ана айналысып жүр ме? Әлде интернет пе?» тақырыбында тәрбие саласының әдіскері Калдыбекова Эльмира Әбілқасымқызы өз баяндамасы арқылы біз қайда бара жатырмыз? Ертеңгі біздің ұрпағымыздың күні не болады?
ХХІ ғасырында біздің тәрбиеміздің тағдыр-талайы, дағдарысқа ұшырап тұрған жоқ па?-деген сұрақтарға жауап берді.
Аудандық білім бөлімінің психологиялық қызметі әдіскері Кулмаганбетова Мөлдір Асқарқызы «Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен психологиялық саулығын қамтамасыз ету» тақырыбында баяндама жасады.
Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау капитаны Қазбек Мадияр Қанатұлы Төтенше жағдайлардың алдын алу және олардан қорғану шаралары бойынша кеңес бере отырып арнайы видео көрсетілім арқылы ақпарт берді.
Түлкібас АПБ, ЖПҚБ ЮПТ аға УПИ полиция майоры Наурызкулова Асель Науанбекқызы «Құқықтық қоғам құру, құқық бұзушылықтың алдын алу» жолдарын заң аясында түсіндіріп өтті.
Құзырлы мемлекеттік мекемелердің мамандарына ата-аналар тарапынан сұрақтар қойылып, мамандар тұшымды жауаптарын берді.

Пікір жазу