Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮЛКІБАС АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ 

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ 

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы – бұл ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауына арқау болған бағыттардың бірі. Мемлекет басшысының бұл тұжырымдамасы көптеген мәселеге қозғау салып, қалың ел тарапынан қолдау тауып отыр.
Осы орайда, бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында Түлкібас ауданының аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов тұрғындарды жоспарға сай жеке мәселелерімен қабылдап, олардың өтініш-ұсыныстарын тыңдады.
Келген тұрғындар көтерген әлеуметтік, білім, денсаулық сақтау және тұрғын үй саласы мен көше жарығына қатысты мәселелерге Заң аясында жауап беріп, жауапты бөлім басшыларына оларды шешу мақсатында нақты тапсырмалар жүктеді.
Кейбір мәселе бойынша демеушілерген жүгіну керектігін ескертсе, көп қабатты тұрғын үйге жауапты мамандармен барып, сол жерде нақты шаралар қабылданатындығын жеткізді.

Пікір жазу