Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮЛКІБАС: АУЫЛ ӘКІМІ БАҚЫБЕК ЖӘНЕ ҚАРАҒАШТЫ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

ТҮЛКІБАС: АУЫЛ ӘКІМІ БАҚЫБЕК ЖӘНЕ ҚАРАҒАШТЫ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығы негізінде жаңа форматта өткізіліп жатыр. Барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойы халықпен кездесулер өткізіп, жиын ​барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерді тыңдайды.
Осыған орай ағымдағы жылдың 1 қазан күні, Майлыкент ауылдық округіне Бақыбек және Қарағашты елді мекендерінде ауыл әкімі Қ.Ахметов ауыл тұрғындарымен кездесті.
Кездесуге ардагерлер, ауыл ақсақалдары, және ауыл тұрғындары қатысты.
Халықпен кездесуде ауыл әкімі «Округіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2024 жылдың IІІ-тоқсанында атқарылған және алдағы уақытта атқарылатын жұмыстары» туралы баяндамасын жасады.
​Кездесу барысында қойылған сұрақтарға ауыл әкімі және тиісті сала мамандары жауап беріп, көтерілген мәселелердің шешу жолдары мен орындалу кезеңі жайында айтып өтті. Тұрғындардың өтініштерін тыңдап, кездесу аяқталған соң ауыл тұрғындарының ​ мәселесін дер кезінде шешу мақсатында бақылауға алып, сала мамандарына тапсырма берілді.

Пікір жазу