Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » АРМАН СӘБИТОВ: «ӘРБІР САЛА БОЙЫНША ЖҰМЫСТАРДЫҢ ЖҮЙЕЛІ АТҚАРЫЛУЫН ҚОЛҒА АЛУ ҚАЖЕТ»

АРМАН СӘБИТОВ: «ӘРБІР САЛА БОЙЫНША ЖҰМЫСТАРДЫҢ ЖҮЙЕЛІ АТҚАРЫЛУЫН ҚОЛҒА АЛУ ҚАЖЕТ»

Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитовтің төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті. Жиынға тиісті сала және дербес бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдері қатысты.
Күн тәртібінде жайылым жер және бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерге жарияланған сыни материалдар мен позитивті мақалалар туралы мәселелер талқыланды.
Алдымен аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жаңабек Хамраев көтерілген тақырып төңірегінде сандық көрсеткіштерге жеке-жеке талдау жасады. Бұдан бөлек, аталған бөлім мен «Sairam» телеарнасымен бекітілген келісімшарт аясында ашылған «Жүздесу» бағдарламасында алдағы уақытта әрбір салаға қатысты бөлім басшыларының сұхбат беруі жайлы ұсынысын білдірді. Айта кетейік, бұл бағдарлама жауапты қызметкерлердің өздеріне тиесілі салаларындағы өзекті мәселелердің шешілу жолдары мен тұрғындардың талап-тілектерінің орындалу барысы туралы атқарылып жатқан жұмыстарын қалың қауымға кеңінен құлақтандыруға бағытталған.
Келесі кезекте аудандық жер қатынастарына қатысты тұлғалар мен әр ауылдық округ әкімдері аудан аумағында жайылым жерлерді ортақ пайдаланысқа қайтару барысы бойынша баяндама жасады.
Басқосу барысында аудан аумағындағы абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстары мен 9 айдың қорытындысы бойынша аудан бюджетіндегі қаржының игерілуіне қатысты мәселелер де назардан тыс қалмады.
Сала басшыларының баяндамаларын тиянақты тыңдаған аудан басшысы Арман Сәбитұлы мәжілісте көтерілген мәселелердің шешілу жолдарын қарастыруды тілге тиек етті. Атап айтқанда, әлеуметтік желілерде тұрғындар тарапынан көтерілуі мүмкін өзекті мәселелердің алдын алу үшін алдымен шұғыл түрде кері байланысқа шығып, тіпті, қажет болған жағдайда, зерделеу жұмыстарын өтініш иесімен бірге жүргізу қажеттігін жеткізді. Және ауылдық округтердегі жер учаскелерін қайтару бойынша тиісті қаулыларға сәйкес, жұмыс қарқынын күшейтуді тапсырды.

Пікір жазу