Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » АТШАБАР АЛАҢЫНДАҒЫ ЖҮЗЕГЕ АСАТЫН ЖОСПАРЛАРМЕН ТАНЫСТЫ

АТШАБАР АЛАҢЫНДАҒЫ ЖҮЗЕГЕ АСАТЫН ЖОСПАРЛАРМЕН ТАНЫСТЫ

Сайрам ауданындағы бұқаралық спортты дамыту мәселесіне айрықша көңіл бөліп келеді. Мұның дәлелі, Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитов Ақбұлақ ауылы, Ақсу өзенінің бойында орын тебетін атшабар алаңының алдағы жоспарларымен танысты.
Жер телімі 3,6 га аумақты құрайтын аталмыш атшабар алаңында қөкпар, теңге алу, бәйге және т.б. ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізу мүмкіндігі қарастырылуда.
Аралау барысында аудан басшысы тұрғындарымыздың салауатты өмір салтын қалыптастыру және бұқаралық спортты дамыту мақсатында салынғалы жатқан спорттық нысанның жобалық-сметалық құжаттарын тиянақты жүргізуді тапсырды.

Пікір жазу