Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » САЙРАМ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ АҚБҰЛАҚ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУГЕ АРНАЙЫ БАРДЫ

САЙРАМ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ АҚБҰЛАҚ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУГЕ АРНАЙЫ БАРДЫ

Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитов Ақбұлақ ауылдық округі тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында Ақбұлақ дәрігерлік амбулаториясының ғимаратымен танысты. Іргетасы 2010 жылы қаланған медициналық мекемеде бүгінгі таңда 12 азамат күндізгі ем түрін қабылдайды.
Айта кетейік, аталған нысан 0,40 га аумаққа салынған. Қазіргі уақытта сырқат жандарға шипа сыйлайтын мекемеде 23 қызметкер жұмыс істейді және қажетті жиһаздармен қамтылған.
Алайда күнделікті күндізгі бөлімге ем қабылдау мақсатында көптеген адам кезекке тұрады.
Сондықтан бұл түйткілді мәселенің шешімі табылуы үшін Арман Сәбитұлы дәрігерлік амбулаторияға қосымша ғимарат салу жұмыстары қарастырылатынын айтты.
Бұдан бөлек, аталмыш жер телімін әкімдік балансына ала отырып, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу керектігін жеткізді.

Пікір жазу