Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Құқық » Қазығұрт: қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде рейдтік жұмыстар жүргізілуде

Қазығұрт: қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде рейдтік жұмыстар жүргізілуде

Жастардың қауіпсіздігін және жасөспірімдердің қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған Қазығұрт, Сарапхана ауылдық округінде күндізгі рейдтік жұмыстар жүргізілуде.
Жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтардың алдын алу, беймезгіл уақытта ата-ана бақылауынсыз үй-жайынан тыс жерлерде компьютерлік ойынханалар мен мейрамханада болуларына тыйым салу,
кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдерге темекі бұйымдары мен спирттік ішімдік сататын кәсіпкерлік нысандар және мейрамханаларда жұмыс жасайтын жасөспірімдерге тосқауыл қою мақсатында кезекті күндізгі рейдік жұмыстар атқарылуда.
Жасөспірімдер арасында болатын құқықбұзушылықтар мен кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты қылмыстың алдын алуға және болдырмауға, олардың қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шара аудан көлемінде бекітілген кестеге сәйкес жалғасатынын хабарлаймыз!
Құрметті ата-ана! Өз балаңыздың өміріне өзіңіз жауапты екеніңізді ұмытпаңыз! Сондықтан әрбір ата-ананың назарына кәмелет жасына жетпеген балаларын қараусыз қалдырмауды, бала тәрбиесімен тұрақты айналысу қажет екендігін ескертеміз.
Жас құқық бұзушылардың құқықа қарсы мінездерінің табиғатын, сипатын түсіну үшін қоғамға қарсы теріс қылықтың қалыптасу процесінің механизмін білу де маңызды. Адамның кез – келген мінезі, соның ішінде қоғамға қарсы мінездері орта мен жеке адамның өзара әрекеттестігінің формасы деп есптесек, онда оны мынадай кезеңдерге бөлуге болады: қоғамға қарсы бағытталған жеке адамның қалыптасуы;субъектіде қоғамға қарсы теріс қылық жасауға нақты шешім қабылдауының қалыптасуы; бұл теріс қылықты жасай отырып, осы шешімді жүзеге асыру және оның зиянды салдарының болуы.
Осы кезеңдердің әрбірінде жас адамның сыртқы ортамен өзара әрекеттестігі әртүрлі. Бірінші кезеңде орта жеке бастың ұстанымдары мен құндылықтарына әсер ете алады. Жас құқық бұзушылардың жеке басының қалыптасу процесін зерттегенде көбіне субъект осы тұста қолайсыз өмірлік жағдайларды бастан өткіздіктен, оның жеке басының қалыптасуы, соның ішінде өзін өзі тәрбиелеуі қарама- қайшы, көбіне теріс қалыптасатынын көруге болады. Екінші кезеңде – шешімдерді қабылдауды қоғамға қарсы теріс қылықтар шешеді – ортамен өзара әрекеттестігі субъектінің санасына орта анықтап берген мінездердің қалыптасумен көрінеді. Орта мен өзінің теріс қылықтары моделі құрылады да, оны бағалай отырып жас адам белгілі – бір шешімге келеді. Үшінші кезеңде – субъект белсенді теріс қылық жасаушы ретінде көрінеді, ол ортаға қоғам үшін теріс бағыттан әрекет етеді де, құқық бұзушылықтар, қылмыс жасайды.
Қоғамға қарсы теріс қылықтардың қалыптасуының бұл кезеңдері ұзақтығына қарай әртүрлі. Қылмыстық статистика көрсетіп отырғандай, жеке тұлғаның қоғамға қарсы бағыты ұзақ уақыт қалыптасады екен, әдетте ол жылдар бойы қалыптасады, ал кәмелетке толмағандардың қылмысын зерттегенде, бұл процестің орташа ұзақтығы шамамен екі жыл деп көрсеткен.
Шешім қабылдау одан аз уақытты алады. Бұл жағдайларда ол күндермен, тіпті минуттармен өлшенеді. Ол қабылдайын деп отырған шешімдерге де байланысты. Сондай –ақ, үшінші кезеңнің – теріс қылықты физикалық тұрғыда жүзеге асырудың да ұзақтығы әртүрлі. Ол көздеп атуды қажет ететін бірнеше секундтан бірнеше күнге дейін созылады.
Әлеуметтік педагог пен әлеуметтік қызметкердің әрекет етуінің негізінде ең алдымен, жоғарғы да аталған кезеңдердің біріншісі, яғни қоғамға қарсы теріс қылықтарының қалыптасу процесі болып табылатыны түсінікті де, сондықтан осы бағыттағы профилактикалық жұмыстардың тиімді жүргізілуі жеке тұлғаның дамуындағы кемшіліктері ерте анықтауға әсер етеді. Осыдан психологтар, педагогтар, криминологтар, әлеуметтік қызметкерлер құқық бұзушылар шығуы мүмкін деп балалық және өспірімдік шақтарға үлкен назар аударады. Құқық бұзушылықтардың алдын – алу бойынша жүргізетін әлеуметтік қызметкердің әрекетінің стратегиясы мен тактикасын жасауда негізгі айқындама ретінде психологтар мен криминологтардың кәмелетке толмаған құқық бұзушыларды жіктеуді алу керек. Жастар қылмысы саласындағы әлеуметтік қызметкерлердің әрекеттерінің келесі бір құрамдас бөлігіне – құқық бұзған, сол үшін сотталып, жазасын өтеп жатқан жас адамдармен жұмыстар жүргізу жатады.
Д.И. Фельдштейн жасөспірім – құқық бұзушыларды, жеке бастарының қоғамға қарсы бағыттылығының дәрежесін есепке ала отырып, бес топқа бөледі.
Бірінші топтың өкілдері қара дүрсін, аморальдық қажеттіліктері бар, қоғамға қарсы көзқарастары мен түсініктері қалыптасқандар болып сипатталады. Оларда жолдастық, батылдық сияқты түсініктер теріс қалыптасқан, ұят сезімі жоқ. Олар өзімшіл, ызалы, агрессивті, басқалардың қайғысына немқұрайлы қарайды. Жасаған құқық бұзушылықтарын саналы түрде сезіну, еңбекқорлықтың жоқтығы және уақытты жақсылық өткізуге ұмтылыс, жалқаулық, пайдакүнемдік осы топтағы жасөспірім – құқық бұзушыларға тән ерекшеліктер болып табылады. Мұндай жасөспірімдерді түзету үшін қойған мақсаттарға жетуге деген жігерлерін, көзге түсуге деген ұмтылыстарын, жартылай өздерінің әлеуметтік толықтай қалыптаспағандарын саналы сезінулері пайдаланып қоғамдық – пайдалы еңбекке ұсынылады.
Екінші топты сұраныстары бұзылған, бірінші топтағыларға еліктеуге тырысатын жасөспірімдерді жатқызуға болады. Олар дарашылдар, бейімсіздер, әлсіздер мен кішілерге ғана әлдері келетіндер. Оларға импульстілік, тұрақсыздық, көңіл – күйдің тез ауысуы тән. Олар құқықты негізінен жағдайға қарай аяқ астынан туындай қалған жеке себептерінің бағыттылығына қарай бұзады. Бұл топтағы жасөспірімдерге өзін – өзі асыра бағалау сезімі, қулық, өтірік айту, шыжбалақтық, қырсықтық, адамдарға деген сенімнің болмауы тән. Қайтадан бұларды тәрбиелеу үшін қоршаған ортаны және ол үйренген мінез – құлық формаларын өзгерту маңызды, оларға деген сезімді білдіру керек, жетістіктерін қолдап, тек бағынуды ғана емес, басқара білу керектігін түсіндіріп, оған дағдыландыру қажет.
Үшінші топтың құқық бұзушы – жасөспірімдері үшін бұзылған және теріс қажеттіліктер мен көзқарастар арасындағы қарама – қайшылық тән, бірақ соңғысы олардың мінездерін реттемейді. Ләззат алуға деген өзімшіл ұмтылыстар мен жігерсіздік, жағдайға қарсы тұра аламаушылық оны ассоцияналдық қылықтар жасауға итермелейді. Оларды тәрбиелеуде қарқынды және ширыққан еңбек әрекеті, өзін көрсетуге мүмкіндік беретін жұмыс пайдалы болып табылады.
Төртініші топқа қажеттіліктері әлсіз бұзылған жасөспірімдер жатады. Оларға жігерсіздік, еліктегіштік, жеңілтектік, өз күшіне сенбеушілік, өзінен күштірек құрдастарына жарамсақтану тән.
Бесінші топтың өкілдері – құқық бұзушылық жолға кездейсоқ түскен жасөспірімдер. Олар еңбекқор, тыңғылықты, бірақ жігерсіз, микро ортаның әсеріне тез елігіп кететіндер. Соңғы екі топтың жасөспірімдердің қалыпты өмірге қызығушылықтарын оятып, болашығының жақсаруына жағдай жасап, пайдалы іске тарту маңызды. Оларға жүйелі бақылау жасап, әрекеттеріне баға беріп, жеке жауапкершіліктерін ояту керек.
Келтірілген құқық бұзушы – жасөспірімдерді жіктеуде негізгі белгі ретінде қажеттіліктердің бұзылуы мен оның дәрежесінің көрсетілуі тегін емес. Егер жас құқық бұзушылардың қажеттіліктері мен қызығушылықтарына талдау жасаса, онда көпшілігінің қарапайым қажеттіліктерінің шектеулі екенін көруге болады, олардың рухани байлықтар дамымаған, қызығушылықтары көп жағдайларда қарапайым, әрі бір жақты. Жас адамдардың қылмыстық мінез –құлқын зерттегенде бұрмаланған қажеттіліктеріне талдау жасау, басқаша айтқанда қажеттіліктерінің бұзылуына талдау жасау өте маңызды. Көптеген бұрмаланған қажеттіліктер заңды дәріптейтін адамға тән қажеттіліктер тобына (материалдық, әлеуметтік қарым – қатынас, танымдық және т.б.) да тән, бірақ олар өзінің мазмұнына қарқындылығына байланысты ерекшеленеді.

Пікір жазу