Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Авторские архивы: Әсет ӘССАНДИ (страница 136)

Авторские архивы: Әсет ӘССАНДИ

Шымкентте өкпе туберкулезі өткен жылмен салыстырғанда төмендеген

Шымкент қаласы бойынша өкпе туберкулезі өткен жылмен салыстырғанда 18 жағдайға төмендеген, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшы орынбасары Айгүл Мелесқызы брифинг барысында мәлімдеді. Спикердің айтуынша, Шымкент қаласы бойынша 2022 жылы туберкулез аурушаңдығының эпидемиологиялық жағдайы салыстырмалы түрде тұрақты. Бірақ 14 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер арасында аурушаңдықтың 9 жағдайға артуы байқалған. Сонымен қатар, ағымды ...

Толығырақ »

«Отбасы — ұлт тірегі»: Шымкентте жастармен психологиялық кездесу өткізілді

Шымкент қаласында психолог мамандардың ұйымдастыруымен жастар мен жасөспірімдер арасында көптеп кездесулер өткізілуде, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Сондай кездесулердің бірі — «Отбасы — ұлт тірегі» тақырыбында «Samgau» жалпы білім беретін мектебінде өтті. Аталған кездесудің мақсаты — жастарды отбасылық өмірге дайындау және дұрыс бағыт-бағдар беру. Психологиялық жиында жастарға ең алдымен тақырып аясында ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, психологиялық кеңестер айтылды. Сондай-ақ, түрлі ...

Толығырақ »

«Қазақтың Данагөй абызы»: Шымкентте жастар арасында дөңгелек үстел өтті

Биылғы жыл еліміздің тарихында ерекше рөл атқарған ұлы тарихи тұлғаларды еске алуға байланысты оқиғалар мен мерейтойларға бай. Биыл Төле би Әлібекұлының туғанына 360 жыл. Төле би – қазақтың мемлекет, саяси және қоғам қайраткері, Аға жүздің биі, шешен (шешен) және ақын.Қазақ халқының үш ұлы биінің (билерінің) бірі Қазыбек би және Әйтеке бимен бірге «Жеті жарғы» заңдар жинағының авторлары. Осыған орай, Шымкент ...

Толығырақ »

МЕРЕКЕЛІК АСТАН УЛАНУДАН САҚ БОЛЫҢЫЗ

Наурыз мерекесі қарсаңында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылып, қала тұрғындары тойлауға кірісіп те кетті. Дәрігерлер мереке кезінде түрлі тағамдардан уланып қалудан сақ болуға шақырды. Ақпараттық коммуникациялық орталықта өткен брифингте мамандар сақтық шараларын түсіндірді. – Мереке қарсаңында тұрғындар азық-түлік, оның ішінде әртүрлі тез бұзылатын аспаздық және кремді кондитерлік өнімдер алып жатады. Мұндай сәтте тамақтан уланудың негізгі себептері ретінде тамақ дайындау кезінде жеке гигиена ...

Толығырақ »

ЖЕКЕ МЕКТЕП САЛҒАН КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚОЛДАУ БАР

«Жекеменшік мектепте білім алатын оқушылар үшін мемлекеттен жылына 92 млн. теңге қаражат қаралып отыр». Бұл туралы Ақпараттық коммуникациялық орталығында өткен брифингте Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Қаржы орталығы» Акционерлік қоғамының бас маманы Арманай Мирасқызы мәлімдеді. Оңтүстікте мектеп тапшылығы бірнеше жылдан бері көтеріліп келе жатқан мәселе. Үш ауысымды мектептердің мәселесін шешу үшін арнайы бағдарлама қабылданып, бірқатар кәсіпкерлер іске кірісіп ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫ БАСТЫ НАЗАРДА

«2022 жылы 1,038 миллиард теңгеге 17 медициналық техника алынып, денсаулық сақтау ұйымдары заманауи жабдықтармен жарақтандырылды. Биыл одан 3 есе көп медициналық қондырғы алу жоспарланған. Оның басым бөлігі ана мен балаға көрсетілетін медициналық қызмет сапасын арттыруға бағытталмақ». Бұл туралы Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Нұрлыбек Асылбеков Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық коммуникациялық орталығында өткен брифингте мәлімдеді. Брифинг барысында басқарма басшысы Н.Асылбеков ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: «ЗЕРДЕ-ФИТО» ЖШС-Ң ҰЖЫМЫМЕН ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Шымкент қаласында «Қауіпсіз еңбек жылы» аясындағы кезекті кездесу «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Жарқынбек Құрманбек пен «Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы» басқармасының басшысы Бауыржан Қалжановтың қатысумен «ЗЕРДЕ-ФИТО» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұжымында өтті. Шымкент қаласында орналасқан «ЗЕРДЕ-ФИТО»» зауыты 1998 жылы құрылған. Дәрілік өсімдіктерден шөптер, шөптік препараттар, шөп шайлары және басқа да өнімдер түрлерін өндірумен айналысатын компания денсаулықты ...

Толығырақ »

Бастауыш кәсіподақ ұйымымен келісім-шарт жасалды

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының «2023 жыл — Қауіпсіз еңбек жылы» деп жариялауына байланысты, ақпан айының соңы мен наурыз айының басында Шымкент қаласындағы №89 ІТ мектеп-лицейінің директоры Қасымбай Өмірбекұлы Атабаевтың және кәсіподақ комитетінің төрағасы Абдурахман Абдулвахитұлы Нуримовтың қатысуымен ұжымда өткізілген жиналыста еңбек қатынастары туралы мәселелер қаралып, оның ішінде ҚР Еңбек кодексі мен «Кәсіптік одақтар туралы» заңынан түсініктемелер беріліп, қызметкерлердің құқын қорғау ...

Толығырақ »

«ҚАУІПСІЗ ЕҢБЕК ЖЫЛЫ» АЯСЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ «ШЫМКЕНТ ЦЕМЕНТ» ЖШС-Ң ҰЖЫМЫНДА ӨТТІ

Шымкентте «Қауіпсіз еңбек жылы» аясындағы кездесулер жалғасуда. Кезекті кездесуді «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Жарқынбек Құрманбек пен «Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы» басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов шахардағы ірі кәсіпорындардың бірі — «Шымкент цемент» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұжымында өткізді. Сапа, қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясатына сәйкес, негізгі басым бағыттарының бірі қызметкерлердің қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ «БАРЫС- 2007» ЖШС ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Жарқынбек Құрманбек пен «Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы» басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов «БАРЫС- 2007» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұжымымен кездесті. 2007 жылы құрылған «БАРЫС 2007» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі кәсіпорны «MADINA, КОРОНА» брендімен макарон және ұннан жасалған кондитерлік өнімдерді шығару бойынша Қазақстан Республикасындағы ірі өндірушілердің бірі болып табылады. Жиында Жарқынбек Құрманбек сөз сөйлеп, ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: БАС ДӘРІГЕР БҮЙРЕК ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІМЕН ЕСЕПТЕ ТҰРАТЫН НАУҚАСТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков гемодиализ қабылдайтын науқастармен кездесті, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Жиында қаланың бас дәрігері бүйрек жеткіліксіздігімен есепте тұратын науқастардың мәселелерін тыңдап, пікір алмасты. — Шымкент қаласында 500-ге жуық адам бүйректің терминальді жеткіліксіздігімен гемодиализ қабылдауда. Қаламыздағы диализ орталықтарының саны 6-ау. Ал бүйрек жеткіліксіздігімен қала бойынша 250-науқас есепте тұрады. Амбулаторлық-консультативті кеңесті қала бойынша 5 мекеме ...

Толығырақ »

Шымкентте 10-нан астам канал қоқыстан тазартылды

Шымкент қаласында ұзындығы 56 шақырымды құрайтын 12 канал, 339 ирригациялық жүйелері қоқыстан тазартылды, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Шымкент қаласының 5 ауданы бойынша 30 су басу қаупі бар учаскесі анықталған. Су басу қауіпі бар аумақта 50 көше орналасқан. Ағымдағы жылы қаңтар айында жалпы 5 ауданнан 63 мың текше метр қар қауіпсіз жерге шығарылды. 2023 жылдың ақпан айында және 12 наурызда ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: СУ БАСУ ЫҚТИМАЛ УЧАСКІЛЕРГЕ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

Шымкент қаласының аумағында су басудың алдын алу жұмыстары жоспарға сай атқарылуда. Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, полковник Жәнібек Кәрімбаев Ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте көктемгі су тасқыны кезеңінде жүйелі іс-шаралардың барысы, су басуды болдырмау жөнінде жұмыстарды баяндады. Қазіргі уақытта қала аумағында су тасқыны кезеңінде жағдай тұрақты. Қала аумағында 10 гидротехникалық құрылыстың тоғызы жарамды, бір гидротехникалық құрылыс (Ақжар су қоймасы) ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ ӨНІМДЕРІ «АГРОТЕХ КАТАР» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІНДЕ САТЫЛУДА

Шымкенттегі жергілікті агрокәсіпорын өнімдері Доха қаласында өтіп жатқан «Агротех Катар-2023» халықаралық көрмесіне қойылды, деп хабарлайды didarbek.kz. Наурыздың 19-на дейін жалғасатын халықаралық шараға әлемнің 52 елінен делегациялар шақырылған. Шымкент тауарларына арнайы бөлінген «Ontustik onim» павильонында ет, сүт, ұн өнімдерімен қатар, сусындар, консервілер, көкөністер мен жеміс-жидектер саудалануда. Шетелдіктер әсіресе, бал, джем, сыр өнімдеріне қызығушылық танытып, жаппай сатып алуда. Шымкенттік делегация шет мемлекеттермен ...

Толығырақ »

НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ ИППОДРОМҒА АВТОБУСТАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАДЫ

«Наурыз Шымкенттен басталады» іс-шарасы аясында ипподромға қала тұрғындары мен қонақтарын 5 нүктеден үздіксіз тасымалдау ұйымдастырылады, деп хабарлайды didarbek.kz. Жол ақысы-70 теңге. Жолаушыларға қолайлы болу үшін қоғамдық көліктер белгіленген нүктеден қаланың орталық көшелері арқылы жүріп өтеді. Ұлыстың Ұлы күніне арналған “Great Qazaq Games” іс-шарасы Наурыздың 20-23 аралығында өтеді. Көліктер белгіленген аялдамалардан Ипподромға осы күндері қатынайтын болады. 1) Орталық стадион Уақыты: 08:00-19:00 ...

Толығырақ »

ШЕЖІРЕ КҮНІНДЕГІ ШАРАЛАР ТӨЛ ТАРИХТАН СЫР ШЕРТТІ

«Наурыз Шымкенттен басталады» кешенді жоспары аясындағы іс-шаралар желісі бүгін Шежіре күнімен жалғасты. Шымкенттіктер Ұлыстың Ұлы күні қарсаңындағы атаулы күнде ұлттық құндылықтарды ұлықтап, төл тарихты тірілткен мерекелік іс шараларды тамашалауда. Мәдениет мекемелерінің қызметкерлері шежірелі тарихымыздан сыр шерткен Әл-Фараби бабамыздан бастап, шығыстың шайырлары, Абылайханның дәуірін, Домалақ ана, Қыз Жібек және ұлттық киімдегі ходулистер, қыз көші көріністерін қойды. «Арбат” алаңы арқылы «Қиял әлеміне» ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: Жастарға мемлекеттік бағдарламалар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығының жанынан құрылған «Мобильді топ» мемлекеттік бағдарламалар бойынша «Акбар» базарында ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Түсіндірме жұмыстарының мақсаты – жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту, кәсіпкерлік бағдарламалары мен тұрғын үй жөнінде ақпараттармен таныстыру. Түсіндірме жұмыстары барысында мемлекеттік жұмыспен қамту бағдарламалары «Жастар практикасы», «Алғашқы бос жұмыс орны», тұрғын үй, 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ...

Толығырақ »

Шымкентте жас сарбаздар әскерге аттанды

Шымкенттен алғашқы шақырылушылар әскерге аттанды, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі мәлімдеді. Шымкентте еліміздің барлық аймақтарымен қатарлас көктемгі әскерге шақыру науқаны басталды. Үшінші мегаполистің бірінші тобы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі қатарына аттанды. Мерзімді қызмет орындарына медициналық комиссиядан, жеке сұхбаттасудан және психологиялық тұрақтылығын анықтайтын сынақтарынан сәтті өткен 15 адам кетті. Қалыптасқан дәстүр бойынша ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: Жастардың діни танымдығын арттыру мақсатында кездесу өткізілді

Шымкент жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастардың «Діни танымдығын арттыру» бойынша кездесу өтті, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Іс-шараның мақсаты — жастарға діни ағымдардан сақтану туралы терең түсінік беру, ата-ананы құрметтеу, бейбітшілік пен адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін түсіндіру. Аталған кездесуге Дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Уалихан Самат мен Шымкент қаласы ішкі саясат ...

Толығырақ »

​ШЫМКЕНТ: 600-ге жуық азаматтың тұрғын үй жалдау ақысы субсидияланады

Шымкент қаласында тұрғын үйдің жалдау ақысын субсидиялауға жолданған 591 азаматтың өтінімі мақұлданды, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Оның ішінде 380 азамат пен Отбасы банкі арасында келісім шарт түзіліп, тұрғын үй жалдау ақысының 50 пайызына мемлекет тарапынан төлемдер аударылды. Субсидия — мемлекет тарапынан төленетін тұрғын үй кезегін күткен азаматтардың жалдамалы пәтерлері арендалық құнының 50 пайыздық ақысы. Бағдарлама талаптарына сәйкес бұл жеңілдікке ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: Алимент өндіру ісімен айналысатын арнайы кеңсе ашылды

Шымкент қаласында алименттік өндірістер санатындағы істермен айналысатын 5 жеке сот орындаушыларынан құралған арнайы кеңсе ашылды, деп хабарлайды didarbek.kz. Бұл туралы Шымкент қаласы Әділет департаменті басшысының орынбасары Исабекова Айнур брифинг барысында мәлімдеді. Спикердің сөзінше, өткен жылы алимент өндіру талаптары бойынша сот орындаушыларда 15 493 іс орындауда болып, 2 717-сі бойынша өндірістер аяқталған. Биылғы жылға 12 776 құжат өткен. Осы санаттағы істермен ...

Толығырақ »

ТҰРҒЫН ҮЙ САЛУДА ҚҰРЫЛЫС КОМПАНИЯЛАРЫНА БІРҚАТАР ЖАҢА ТАЛАПТАР ЕНГІЗІЛДІ

Шымкент қаласының құрылыс басқармасының басшысы Мадияр Байымбетов қалада тұрғын үй құрылысының дамуы бойынша баспасөз брифингін өткізді. Басқарма басшысы шаhарда тұрғын үй құрылысының барысы, құрылыс сапасы, анықталған кемшіліктерді жою жұмыстарынан хабардар етті. 2023 жылы құрылыс басқармасы тарапынан концепция аясында мемлекеттік бюджет есебінен 12,9 млрд. теңгеге 3342 пәтерлі 72 көпқабатты тұрғын үйдің ( 254,2 мың шаршы метр) құрылысын жүргізу жоспарланған. Оның ішінде, ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: ТУБЕРКУЛЕЗБЕН КҮРЕС АЙЛЫҒЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР

Шымкентте туберкулездің алдын алу бойынша 24 ақпанда басталған іс-шара айлығы 24 наурызға дейін жалғасады. Биыл дертпен күрес «Біз туберкулезді жеңеміз!» деген ұранмен өтіп жатыр. Осыған орай, бүгін Шымкент қалалық №13 емхана дәрігерлері мен Абай аудандық санитариялық эпидемиялогиялық бақылау басқармасы мамандары бірлесіп, профилактикалық шара ұйымдастырды. Шара аясында салаға жауапты мамандар емхана пациенттері мен қала тұрғындарына туберкулез жайында кеңінен түсіндіріп, профилактикалық шаралардың ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: ЕКІ ЖЫЛДА 9000 ТҮП КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Көктем – күллі табиғаттың ұйқысынан оянып, жаңарып түлейтін, Жер ана бусанып, көк шығатын ерекше мезгіл. Тіршілік атаулыға жан бітіріп, жаңа өмірдің бастауы іспетті осы бір сәтті ерекше күтетін халық күннің көзі көрінісімен-ақ шаруашылық жұмыстарын бастап кетеді. Бірі жерін баптап, егін сепсе, енді бірі көшет егіп, тазалық жұмыстарына кіріседі. Шырайлы қаланы көгалдандыру, таза қалаға айналдыру – басты назарында. Туған қаланы және ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: БИЫЛ 57 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Шымкент қаласы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту” орталығында әлеуметтік салада атқарылған жұмыс бойынша арнайы баспасөз туры өтті. Халықтың әл-ауқатының жақсаруы — жұмыспен қамту мәселесіне тікелей байланысты. Бұл бағытта орталықта 2023 жылы 57 181 адамды жұмыспен қамту жоспарланған. Оның 30 500-ін «2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында жұмыспен қамту көзделген. Сондай-ақ, 57 181 азаматтың 42 714-і тұрақты, ...

Толығырақ »