Ордабасы ауданы, Қарабастау ауылының тұрғындары “Таза Қазақстан” акциясына өз үлестерін қосты. Олар үй шаруаларын тастап, арнайы белгіленген аумаққа ағаш көшеттерін отырғызды. Сондай-ақ қарабастаулықтарға халық қалаулысы Нұзат Ортай өз есебінен 300 метр сетка алып беріп, нәтижесінде тұрғындар асарлатып көшет егілген аумақты қоршап алды. Өз кезегінде ауыл тұрғындары демеушілік көрсеткен азаматқа алғыстарын білдіріп, алдағы уақытта ауылды көгалдандыруға өз үлестерін қоса беретіндіктерін жеткізді.