Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КЕРУЕНІ ЖАЛҒАСУДА

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КЕРУЕНІ ЖАЛҒАСУДА

Арыс халқы су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға гуманитарлық көмек жинауды әлі де жалғастыруда.
Көмек жинау пункті Арыс қалалық ішкі саясат бөліміне қарасты «Жастар Ресурстық орталығы» ғимаратында жанынан құралған.
Наурыз айынан бастап жұмыс істеп жатқан уақытша көмек орталығы осы уақытқа дейін 2 газель қажетті заттарды Батыс Қазақстанға жіберіп үлгерді. Гуманитарлық көмек қабылдау пункті жұмысын әлі де жалғастыруда.
Возможно, это изображение 2 человека, автомобиль, фургон и текст
ҚАЖЕТТІ ЗАТТАР:
-Киім-кешек.
-Балаларға арналған жөргектер, жеке гигиена құралдары (гигиеналық төсемдер).
-Гигиеналық заттар.
-Азық-түлік
— Көрпе-төсек
-Тұрмыстық заттар
— Мүмкін болса су өткізбейтін резеңке етіктер әкелуге болады.
Мекен жайы: Әділбек би көшесі, №1 ғимарат (Арыс-1 теміржол вокзалы алдында).
Сұрақтар бойынша:
+7 776 694 5454 Мөлдір Сарыпбекова
+7 777 252 66 88 Арслан Шынтасов
+7 707 348 6799 Нұрсұлтан Бахтиярұлы

Пікір жазу