Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары » ШЫМКЕНТ: МӘЖІЛІСТЕ ҚАЗЫЛҒАН ОРЫНДАРДЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ШЫМКЕНТ: МӘЖІЛІСТЕ ҚАЗЫЛҒАН ОРЫНДАРДЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен өткен аппараттық мәжілісте қазылған орындарды ретке келтіру жұмыстары талқыланды. Жиында Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Р.Мендикулов қала аумағындағы жер қазба жұмыстарын баяндады. Зерделеу жұмыстары қорытындысымен Абай ауданында — 40, Қаратау ауданында — 53, Тұран ауданында — 8, Еңбекші ауданында — 38 қазылған жер анықталды.
Қала әкімі сала басшыларына қазылған аумақтарды қалпына келтірмей, тұрғындарға қолайсыздық туғызған мердігерлерге қатаң шара көруді ескертті. Сонымен қатар аудан әкімдері мен тиісті басқарма басшыларының жұмыстарын бағалау қала тазалығымен байланысты екенін жеткізді.
Сонымен қатар, Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы М. Мықтыбеков саланы дамытуда атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Сондай-ақ, мемлекеттік спорттық тапсырысты жан басына қаржыландыру жүйесін заң талаптарына сәйкес атқару бойынша нақты тапсырмалар берді.

Бүгін еліміз бойынша « Таза Қазақстан» акциясы барлық жерде жүргізіліп жатыр. Шымкент қаласында да акция аясында тазалық жұмыстарын белсенді жүргізілуде. 5 аптаға созылатын бұл науқанның бірінші аптасы «Таза өлке» деп аталады.

Қазіргі таңда қала көшелері тазаланып, ағаштар әктеліп, аялдамалар жуылып, бұзылған жерлері ретке келтіріліп, адамдарға қолайлы жағдай жасалуда. Аулалар мен арықтар шашылған қоқыстардан тазартылып, қаланың тазалығына барлық тұрғындар білек сыбана кірісіп жатыр. Сонымен қоса қоғам белсенділері, еріктілер мен жастар да атсалысуда.
Президент жалпы, өңірлердің басшылары қалаларды лайықты және тартымды жағдайда ұстау мәдениетін енгізуі керек деген болатын.
Осыған орай шымкенттіктер өлкеміздің таза болуына, тұрғындардың лайықты өмір сүруіне бірлесіп атсалысуда.
Айта кету керек, бұл акция Қазақстанда жаппай бастау алды. Ондағы негізгі мақсат- экологиялық мәдениетті қалыптастыру және тұрғындарды қоршаған ортаны ластамауға, тазалықты сақтауға шақыру.

Пікір жазу