Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ORDABASY: СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ – ТАЗАЛЫҚ ТАРАЗЫСЫ

ORDABASY: СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ – ТАЗАЛЫҚ ТАРАЗЫСЫ

Бүгін ауданда “Таза Қазақстан” акциясы аясында ауқымды сенбілік өтті.
Шараға аудан әкімі Азат Оралбаев, аудандық мәслихаттың төрағасы Бақдәулет Жұмабеков, аудандық мәслихаттың бірқатар депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, бөлімдердің және коммуналдық мекемелердің қызметкерлері, жастар, тұрғындар, белсенді азаматтар қатысып, арнайы белгіленген аумақтарда тазалық және көшеттер отырғызу жұмыстарын жүргізді.
Возможно, это изображение 4 человека и дерево
Сенбілік барысында аудан әкімі Азат Оралбаев тазалықты ретке келтіру бағытында аудан аумағындағы көшелерді аралап, жүргізіліп жатқан жұмыстармен де танысты.
Сенбіліктің мақсаты — халықты игілікті іске шақыру, қоршаған ортаны таза ұстау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Айта кету керек, акция аясында 3000-ға жуық ағаш отырғызылды. Одан бөлек ағаштар әктелді, жол жиектері қоқыстан тазартылды. Жол бойындағы нысандардың қабырғалары сырланды.

Пікір жазу