Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Авторские архивы: Әсет ӘССАНДИ (страница 158)

Авторские архивы: Әсет ӘССАНДИ

ШЫМКЕНТ: ҚҰРСАЙДА 336,5 ШАҚЫРЫМҒА АУЫЗ СУ ҚҰБЫРЫ ТАРТЫЛДЫ

Шымкент қаласы әкімінің тапсырмасына сәйкес, бүгінде шағын аудандар мен елді мекендерді инфрақұрылыммен қамту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асуда. Соның бірі Тұран ауданы аумағындағы Құрсай елді мекенінде тұрғындарды таза ауыз сумен қамтамасыз етуде 336,5 шақырым су құбыры жүргізілді. Құрылыс жұмыстарына жауапты – мердігер мекеме «Риголит» ЖШС. Дәл қазіргі уақытта жалпы ұзындығы 336,5 шақырым ауыз су құбырларының 99 пайызы жүргізіліп, халыққа су беру ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ 63 ЖОБА ІСКЕ АСТЫ

Бүгінде Шымкент қаласының экономикасы қарқынды дамып келеді. Әсіресе, өнеркәсіп, шағын және орта кәсіпкерлік, сауда және құрылыс салалары тұрақты өсіп жатыр. Өткен жылы Әл-Фараби ауданында 40 млрд. теңге инвестиция тарту жоспарланған. Жүйелі жұмыстардың нәтижесінде жоспар 108%-ға орындалып, инвестиция көлемі 43,2 млрд теңгені құрап отыр. Бұл көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда 1,6 есеге (25 млрд) өскен дейді сала мамандары. Аудан аумағында өткен жылы ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: ОН ЖЕТІ ИНЖЕНЕРЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМ НЫСАНЫ САЛЫНДЫ

Үшінші мегаполисте 2022 жылы жалпы аумағы 1 млн 60 мың шаршы метр баспананы пайдалануға тапсыру жоспарланған. Оның ішінде құрылыс басқармасы тарапынан салынатыны – 152,5 мың шаршы метр, ал инвесторлар есебінен – 467,5 мың шаршы метр үй. Атап айтқанда, былтыр құрылыс басқармасы тарапынан «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 239,2 мың шаршы метрді құрайтын 2 972 пәтерлі 51 көп қабатты үй салынады деп ...

Толығырақ »

«BAYTAQ» ЖАСЫЛДАР ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ҚҰРЫЛДЫ

Шымкент қаласында «Baytaq» жасылдар партиясының филиалы құрылып, жұмысын бастады. Жаңа партия 2022 жылдың 28 қарашасында ҚР Әділет министрлігінде тіркелген. Партияның жетекшісі – белгілі эколог, Ұлттық Құрылтай мүшесі Азаматхан Әміртай. Саяси ұйым салауатты өмір салтын дәріптеу, қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғау саласында қордаланған мәселелерді шешуді көздейді. Бүгінгі жиында ұйымның қалалық филиалын құру мәселесі талқыланып, есеп комиссиясының құрамы бекітілді. ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ «АШЫҚ ҮКІМЕТ» ЖОБАСЫ СӘТТІ ЖҮЗЕГЕ АСУДА

Бүгінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы сәтті жүзеге асырылуда. Соның ішінде «Ашық үкімет» жобасын атап айтуға болады. Оның мақсаты – ашық және халық алдында есеп беруге міндетті мемлекетті құру, азаматтардың мемлекеттік басқару саласындағы құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, жемқорлыққа қарсы күресті күшейту. «Ашық үкімет» 4 түрлі компоненттен тұрады. Соның ішінде «Ашық диалог» порталы мемлекеттік органдар ...

Толығырақ »

БАСТЫ МАҚСАТ – СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ

Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру Департаменті тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайды. Әлеуметтік аз қамтамасыз етілген халықтың әлсіз тобын қолдау, оларға Үкіметтен бөлінген қаржылардың мақсатты жұмсалуына мониторингтік бақылау жүргізілуіне бірлесе атсалысады. Қоғамдық ұйымдардың бастамаларының негізінде Департаменттің және өкілетті орган – Шымкент қалалық әлеуметтік қорғау басқармасының ұсынысымен 2023 жылдан бастап аталған қызметті монетизациялау бойынша ұсыныс Шымкент қалалық мәслихатының 2022 жылғы 23 желтоқсанындағы сессиясында ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА «ЕҢБЕГІ ЖАНҒАН АРУЛАР» АТТЫ ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР ФОРУМЫ ӨТТІ

Бүгін Түркістан қаласында «Еңбегі жанған арулар» іскер әйелдер форумы өтті. Жиынға «Түркістан облысының Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар қауымдастығының Президенті, облыстық мәслихат депутаты Инара Намазбаева модераторлық етті. Аталған шара Қазақстанның іскер әйелдерінің қоғамдағы рөлін арттыру және түрлі салада жемісті еңбек етіп жүрген қарапайым жұмыскер әйелдерді дәріптеп, олардың мәртебесін өсіру мақсатында ұйымдастырылды. Форумға мемлекеттік мекемелер, өңірдегі бизнес қауымдастық өкілдері, мәслихат депутаттары қатысып, ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА «ЯСАУИ АНТОЛОГИЯСЫ» КІТАПТАР ЖИНАҒЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

Бүгін Түркістан қаласындағы «Ұлы дала елі» орталығында «Ясауи антологиясы» кітаптар жинағының тұсаукесері өтті. Жиынға зиялы қауым өкілдері, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің оқытушылары, ясауитанушылар, білім және мәдениет саласының қызметкерлері, жастар қатысты. Іс-шарада сөз сөйлеген Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев ел руханияты тағы бір қазынаға молайғанына тоқталып, бұл кітаптың жас ғалымдар үшін маңызды көмекші құрал екенін атап өтті. – Халқымыздың ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА 2022 ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Түркістанда «Жыл үздігі-2022» атанған азаматтарды марапаттау іс-шарасы өтті. Салтанатты жиында облыс әкімі Дархан Сатыбалды өз салалары бойынша үздік атанып, еңбегімен, отаншылдығымен танылған түрлі сала өкілдерін құттықтады. – Алдымен баршаңызды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еңбек адамдарының мәртебесі әрқашан биік екенін айтқан болатын. Бүгін біз өңірдің дамуына үлес қосқан үздіктерге құрмет көрсетеміз. Елінің патриоты, мемлекетшіл тұлғалардың ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА ÓZGEEPIC ЗАМАНАУИ ӨНЕР КЕҢІСТІГІ АШЫЛДЫ

Бүгін Түркістан қаласындағы «Khanshaiym Plaza» ойын-сауық орталығында ÓzgeEpic creative hub филиалы ашылды. Заманауи өнер кеңістігінің ашылу салтанатында ақын, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Мақпал Мыса жалынды жастардың шығармашылық бастамаларына, жетістіктеріне тоқталып, жүрекжарды лебізін білдірді. Шара аясында фотожурналист Әйгерім Бегімбет, журналист Жанерке Хұмар, фотограф-дизайнер Шыңғыс Әбдіразақтың «Түркістан әйелдері» мен «Тіршілік» атты фотокөрмесі өткізіліп, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетімен өзара ынтымақтастық меморандумына ...

Толығырақ »

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ БАЛАЛАРДЫ ЖАҢА ЖЫЛ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Түркістанда «Қош келдің, Жаңа жыл – жаңа белес, жаңа арман!» атты ҚР Президентінің атынан өткізілетін балалардың жаңа жылдық шыршасы өтті. Ертегілер мен мультфильм кейіпкерлері балалардың көңіл-күйін көтеріп, театрландырылған қойылымдар сахналанды. Жаңа жылдық шыршаның шамын жағып, бүлдіршіндердің қуанышына ортақтасқан облыс әкімі Дархан Сатыбалды балаларды жаңа жыл мерекесімен құттықтады. “Аз ғана уақыттан кейін Жаңа 2023 жыл табалдырығымыздан аттайды. Бұл – баршамызға жайдары ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДЫҚ ҰСТАЗ МҮШӘЙРАДА ТОП ЖАРДЫ

Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты №28 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Арқалық Әмәлият республикалық мүшәйрада топ жарды.  Нақтылап айтқанда, Шымкент қаласында өткен Кеңес Одағының батырлары «Қазақтың қос батыры» – генерал Сабыр Рахимовтың 120 жылдығы мен Тоғанбай Қауымбаевтың 100 жылдығына орай республикалық «Өшпейді мәңгі батырлардың есімі» тақырыбындағы жазба ақындардың жыр мүшәйрасының бас жүлдесін жерлесіміз қанжығасына байлады. «Жүлдеден ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНҒА ТҮРКИЯНЫҢ 11-ШІ ПРЕЗИДЕНТІ АБДУЛЛА ГҮЛ КЕЛДІ

Түркия Республикасының 11-ші Президенті Абдулла Гүл жаңарған шаһарды аралау мақсатында Түркістан қаласына келді. Құрметті қонақты Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Қ.А.Ясауи кесенесінен бастап, соңғы 4 жылдағы сәулеті жарасқан ғимараттармен таныстырды. Ұлы дала орталығындағы тарихымыз бен дәстүрімізді бейнелейтін түрлі жәдігерлермен танысты, сонымен қатар, “Фараб” ғылыми-әмбебап кітапханасына барып, Түркістан туралы кітапты сыйға алды. «Осыдан 10 жылдан астам уақыт бұрын Президенттік лауазымды ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА 100 ОТБАСЫҒА АЗЫҚ-ТҮЛІКТЕР ҮЛЕСТІРІЛДІ

Түркістан қаласындағы орталық Қожа Ахмет Ясауи мешітінде Яссы мөлтек ауданының жомарт азаматтарының мұрындық болуымен қайрымдылық акциясы өтті. Акция аясында аз қамтылған 100 отбасыға азық-түлік себеттері үлестірілді. Қайырымдылық жасау – адамзат баласының ең изгі қасиеттерінің бірі. Сүрінгенге сүйеу болу, жылағанды жұбату, мұқтаж жанға қамқорлық көрсету – біздің азаматтық парызымыз. Қаламыздағы жомарт жандар тарапынан жүргізіліп жатқан игі істер дәстүрге айналып келеді. Ел ...

Толығырақ »

«Этносаралық қатынастардағы шиеліністерді реттеу» тақырыбында семинар-тренинг өтті

Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен 20-22 желтоқсан аралығында ​ «Этносаралық қатынастардағы шиеліністерді реттеу» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Семинар ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің пилоттық жобасы негізінде еліміздің барлық облыстарында өткізілді. Семинар жұмысына «Қоғамдық келісім» КММ-нің аудандық, қалалық филиалдарының басшылары, Түркістан облыстық КХА жанындағы құрылымдар мен этномәдени бірлестіктер жетекшілері, этнос өкілдері тығыз шоғырланған ауыл округтері әкімдерінің орынбасарлары, ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА ШАРУАЛАР БАС ҚОСТЫ

Түркістан қаласында Қазақстан фермерлер қауымдастығы Түркістан облысы әкімдігімен берлесіп, 400-ге жуық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қатысуымен жиналыс өткізді. Оған ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі егіншілік депарментінің мелиорация басқармасының басшысы Медет Жәдігерұлы, Республикалық фермерлер одағының облыстағы филиалының директоры Жүсіп Шәріпов, Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқарма басшысының міндетін атқарушы Нұржігіт Мырзахметов және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қатысып, қалыптасқан өзекті мәселелері талқыланды. Түркістан облысы ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА ДУЛАТ ИСАБЕКОВТЫҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫ АТАП ӨТІЛДІ

Түркістанда жазушы, драматург, «Қазақстанның Еңбек ері» Дулат Исабековтың 80 жылдығына арналған салтанатты іс-шаралар өтті. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мен өңір жұртшылығы және оқырман қауым қаламгерге құрмет көрсетіп, шығармашылығын жоғары бағалады. Мерейтой барысында Д.Исабековтың өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Салтанатты іс-шара Түркістан музыкалық драма театрында мерейтой иесінің «Бөрте» спектаклімен жалғасын тапты. Спектакль алдында облыс әкімі Дархан Сатыбалды даңқты ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА «БАЛАЛАР ЖЫЛЫН» ҚОРТЫНДЫЛАҒАН САЛТАНАТТЫ КЕШ ӨТТІ

Түркістанда «Балалар жылын» қортындылаған «Бәрі де балалар үшін» мерекелік іс-шарасы өтті. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен өткен іс-ішараға өңірдің талантты балалары қатысты. «Конгресс холл» көпсалалы кешенінде өткен жиында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев құттықтау сөз сөйлеп, халықаралық олимпиадалар мен байқаулардың жеңімпаздарына құрмет көрсетті. – Қадірменді түркістандықтар, дарынды балалар. Алдымен іргемізден енгелі тұрған Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Еліміздің ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: СЕРВИСТІК МОДЕЛЬДІ ІСКЕ АСЫРУ ФОРУМЫ ӨТТІ

Түркістанда «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі сервистік моделін іске асыру» тақырыбында ауқымды форум өтті. Шараға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының ғылыми қызметкері Сағынған Молбасин, Түркістан облысы ПД бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов, Түркістан қаласының зиялы қауымы және қоғам белсенділері, жеке құрам мен ішкі істер органдарының ардагерлері, БАҚ өкілдері мен тұрғындар қатысты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ...

Толығырақ »

СЕМИНАР МАҚСАТЫ — КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ИГЕРУГЕ ДАЯРЛАУ

Түркістан қаласындағы Бауыржан Момышұлы атындағы №22 жалпы орта мектебінде «Бейінді-бағдарлы оқыту жеке тұлғаны дамытудың негізгі құралы» тақырыбында қалалық семинар өтті. Семинардың негізгі мақсаты – бейінді-бағдарлы оқыту – кәсіптік білім беру бағдарламаларын игеруге даярлау, олардың кәсіптік бағдарлары үшін жағдай жасау, оқушылардың арнаулы бейімділігі мен қызығушылығын, танымдық қабілетін ескеруге бағытталған білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнын ұйымдастыру бағытында болды. Семинар барысында мәжіліс ...

Толығырақ »

Әкім орынбасары футбол клубының ойыншыларын қабылдады

Бүгін Түркістан қаласының әкімінің орынбасары Ерлан Күзембаев ”Тұран-2010” футбол клубының ойыншыларын қабылдады. Кездесу барысында қала әкімнің орынбасары Ерлан Бақытжанұлы команда мүшелері мен бапкерлерге сәттілік тілеп, шаһарда жеңіске жетуге футболшылардың барлық мүмкіндіктері бар екенін еске салып: « Футбол — бұқаралық спорттың мейлінше кең таралған, танымал түрі. Сондықтан Сіздердің жеңістеріңіз барша түркістандықтар үшін елеулі оқиға деп білемін. Спорт – денсаулық кепілі. Жас ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: «BIZ BIRGEMIZ TURKISTAN» ЖОБАСЫ ӨТТІ

Түркістан қаласында жастар арасындағы әлеуметтік белсенділікті дамытуға бағытталған «BIZ BIRGEMIZ TURKISTAN» жобасы аясында кездесу ұйымдастырылды. 200-ге жуық жас Түркістан облыстық мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясы жанындағы жастарды қолдау жөніндегі облыстық кеңестің төрайымы Динара Егамбердиева, Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ролан Ибрагимов және жас жаттықтырушы, спорт жанашыры Қанат Рысбекпен жүздесті. «Ұлы Дала елі» тарихи-мәдени орталығында өткен жиында жастар ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА ҚАЛАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ

Түркістан қаласындағы «Ертөстік» бөбекжай-балабақшасында мектепке дейінгі ұйым педагогтарының қалалық тәжірибелік семинары өтті. «Мектепке дейінгі ұйымда ақпараттық технология әдістері арқылы балалардың білім-білік дағдыларын дамыта отырып, адами және ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу» тақырыбына негізделген семинарға Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Оразкүл Шайхықызы, қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскері Айгерім Қуандықова, сонымен қатар, қаламыздағы барлық мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері мен логопед ...

Толығырақ »

ҚАЗАҚ-ӨЗБЕК БИЗНЕС ФОРУМЫНДА 73 МЛН. АҚШ ДОЛЛАРЫНА КЕЛІСІМШАРТ ЖАСАЛДЫ

Өзбекстанның Ташкент қаласында екі ел кәсіпкерлерінің қатысуымен өңіраралық қазақ-өзбек бизнес-форумы өтіп жатыр. Онда 73 млн. АҚШ долларынан астам сомадағы 9 құжатқа қол қойылды. Бауырлас елдердің сауда-экономикалық ынтымақтастығының артуына мүмкіндік беретін кездесуге қос елдің 500-ден астам кәсіпкері қатысты. Ташкент қаласында өтіп жатқан бизнес-форум шеңберінде Түркістан облысында балық шаруашылығын дамыту бойынша, сүт-тауар фермасын салу, полипропилен қаптарын шығару, иірілген жіп өндірісі, алма, қара ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА ЖУРНАЛИСТЕР ФОРУМЫ ӨТТІ

Түркістан қаласында өңір журналистикасының өзекті мәселелерін талқылау бағытында «Журналистика мен блогосфера: Азаматтық қоғамның қалыптасуына ықпалы» атты журналистер форумы өтті. Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дың Мәдениет сарайында өткен шараға облыстағы БАҚ өкілдері, атап айтқанда, аудандық, облыстық газет, телеарна журналистері, өңірдің баспасөз хатшылары, әлеуметтік желі белсенділері мен журналистика саласында білім алып жүрген студенттер қатысты. Форумның ашылу салтанатында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев модераторлық ...

Толығырақ »