Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » САЙРАМДА ҚАРҚЫНДЫ ДАМУ БАЙҚАЛАДЫ

САЙРАМДА ҚАРҚЫНДЫ ДАМУ БАЙҚАЛАДЫ

Бүгін Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитов төрағалығымен аппарат жиналысы өтті. Күн тәртібі ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына арналды.
Кезекті жиналыста ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының биылғы 7 айлық қорытындысын экономика және қаржы бөлімінің басшысы А.Айтекеева баяндады. Биыл өнеркәсіп өнімінің көлемі 25,3 млрд.теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 103,2% құрады. Сондай-ақ, аудан экономикасына 29,1 млрд.теңге инвестиция бағытталып, 1,4 есе артты. Осыған байланысты инвестиция тарту, өндірісті дамыту бойынша сапалы жоспар әзірленсін. Оған орындалатын әрі нақты жобалар енгізілсін, аппарат мәжілісінде аудан әкімі Арман Сәбитов осылай деді.
Бүгінде құрылыс жұмыстарының көлемі нақты 7,2 млрд.теңгені құрап, жоспар 99,7%-ға орындалды. Ал пайдалануға берілген тұрғын үйлер жоспары 55 100 шаршы метр болса, нақты 56 815 шаршы метр тапсырылған. Жоспар 103,1%-ға орындалғанымен, Қарабұлақ (97,9%), Қарасу (96,4%) ауыл округтерінде жоспар орындалмады.
Жиналыста биылғы бюджет қаржысын игермеу қауіпі бар нысандар анықталды. Бұл «Ауыл-Ел бесігі» аясында бөлінген 79,2 млн теңгеге ішкі көшелерді орташа жөндеу жұмыстары. Жұмыстар мердігер тарапынан орындамау есебінен тоқтатылған. Осыған байланысты аудан әкімі Арман Сәбитов жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берді.
«Ішкі көшелерді орташа жөндеуге келісімшарт наурыз айында жасалды. Егер мердігер құрылыс жұмыстарын жалғастырмаса, онда көзделген қаражат тиісті құрылыс объектілеріне аударылуға тиіс. Бюджет ауданның игілігі үшін қолданылуы керек!»,- деп қорытындылады аудан басшысы.
Ауданда жаңа жұмыс орнын құру индикаторы бойынша 7 ай қорытындысымен 6 174 жұмыс орны құрылып, жоспар артығымен орындалған.
Айта кетейік, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуында қарқын бар. Барлық салада біршама оң өзгерістер байқалады. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, сол арқылы аудан экономикасын дамытып, аудан бюджетінің кірістер бөлігін ұлғайтуда бірқатар жұмыстар жүргізілген.

Пікір жазу