Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазығұрт » А.ИСМАИЛОВ: ЕЛДІҢ МӘСЕЛЕСІ ЕЛЕУСІЗ ҚАЛМАЙДЫ

А.ИСМАИЛОВ: ЕЛДІҢ МӘСЕЛЕСІ ЕЛЕУСІЗ ҚАЛМАЙДЫ

Бүгін Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 03 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын және «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында, Қазығұрт ауыл округінде халықпен кездесу өткізді. Кездесу барысында елді мекен тұрғындары тарапынан ауыз су, ағын су, көше жарығы, электр бағаналарын ауыстыру, жұмыссыздықты жою, мектеп құрылысы, жол жөндеу және жол кедергісін орнату, қоқыс полигондары және жер мәселелері төңірегінде сұрақтар қойылды. Ауыл азаматтары тарапынан қойылған барша сұрақтарға аудан әкімі Азизхан Азимханұлы толыққанды жауап беріп, айтылған ұсыныстар бойынша мекеме және бөлім басшыларына тапсырмалар жүктеп, барша мәселенің назарға алынатынын, сондай-ақ кезең-кезеңімен жоспар бойынша шешімін табатынын айтып өтті.
Сонымен бірге, Қазығұрт ауданының әкімі Исмаилов Азизхан Азимханұлы жеке жұмыс жоспарына сәйкес Қазығұрт, Қызылқия және Тұрбат ауыл округтерінен келген бірқатар азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Жеке қабылдауға аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы мен бөлім басшылары, ауыл округ әкімдері, тиісті мекеме қызметкерлері қатысты. Аудан әкімінің қабылдауында болған азаматтар жұмыссыздық, жол салу және әлеуметтік көмек сұрау мәселелері төңірегінде сұрақтар қойып, өтініштерін айтты. Аудан әкімі Азизхан Азимханұлы барша сұрақтар мен өтініштерге заң аясында толыққанды әрі нақты жауап қатып, шешуге болатын мәселелер бойынша ауыл әкімдері мен бөлім басшыларына тапсырмаларын берді.

Пікір жазу