Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазығұрт » ҚАЗЫҒҰРТ АУДАЫННЫҢ ӘКІМІ ТҰРБАТ ЖӘНЕ ШАРБҰЛАҚ АУЫЛ ОКРУГІ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚАЗЫҒҰРТ АУДАЫННЫҢ ӘКІМІ ТҰРБАТ ЖӘНЕ ШАРБҰЛАҚ АУЫЛ ОКРУГІ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 03 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру аясында, аудан әкімі Азизхан Исмаиловтың үшінші тоқсандағы кезекті халықпен жүздесу жиыны Тұрбат ауыл округі Еңбек елді мекенінде және Шарбұлақ ауыл округі орталығында болып өтті. Кездесуге аудан әкімінің орынбасарлары, құқық қорғау органы басшылары, дербес бөлім басшылары, аудандық мәслихаттың депутаттары және ауыл ақсақалдары мен тұрғындар қатысты.
Аудан әкімінің халықпен кездесу жиыны барысында елді мекен тұрғындары тарапынан ауыз су, көше жарығы, электр бағаналарын ауыстыру, жол жөндеу және жол кедергісін орнату, құрылыс нысандары және басқа да мәселелер төңірегінде сұрақтар мен өтініштер айтылды. Ауыл азаматтары тарапынан қойылған барша сұрақтарға аудан әкімі Азизхан Азимханұлы заң аясында толыққанды жауап беріп, айтылған ұсыныстар бойынша мекеме және бөлім басшыларына тапсырмалар жүктеп, барша мәселенің назарға алынатынын, сондай-ақ кезең-кезеңімен жоспар бойынша шешімін табатынын айтып өтті.
Аталған ауыл округі тұрғындары көкейлеріндегі барша сұрақтарға қанағаттанарлық жауап алып, ауыл ақсақалдары аудан әкімі мен барша қызметкерлерге ел атынан алғыстарын білдірді.
Сонымен бірге, Қазығұрт ауданы әкімдігі ғимаратында аудан әкімі Азизхан Исмаилов аппарат мәжілісін өткізді. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат қызметкерлері, ауыл округі әкімдері, бөлім басшылары мен тиісті мекеме қызметкерлері қатысты. Аталған жиынның күн тәртібінде 3 мәселе көтерілді:

1. Білім саласы бойынша мектептердің ағымағы жөндеу, газға қосу жұмыстарының барысы туралы;
2. Аудан көлеміндегі күзгі селдің алдын-алу жұмыстарының барысы туралы;
3. Аудан көлемінде көгалдандыру, тазалық жұмыстары мен комерциялық, тұрғын үйлердің, мәдениет нысындарының қас беттері мен көше бойындағы баннерлердің жағдайы туралы;
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті бөлім, мекеме басшылары мен қызметкерлері баяндама жасады. Баяндамашыларға сұрақтар қойылып, жауап берілді.
Мәжіліс барысында көтерілген мәселелер жан-жақты талқыланып, Азизхан Азимханұлы өз ұсыныстарын айтып, нақты тапсырмаларын берді.

Пікір жазу