Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Авторские архивы: Әсет ӘССАНДИ (страница 411)

Авторские архивы: Әсет ӘССАНДИ

ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ТҮСІНДІРІЛУДЕ

Жұмысшылардың еңбек қызметін жүзеге асыруға толық емес жұмыс уақыты режимін белгілеу, қашықтан жұмыс істеу, басқа жұмысқа уақытша ауыстыру, бос тұрып қалу уақытын ресімдеу, сондай-ақ, төтенше жағдайға байланысты табыс көзінен айрылғандарға ең төменгі жалақы мөлшері көлемінде (42 500 теңге) төлемін жүргізу қарастырылған. Осы орайда, Шымкент қаласы еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасымен мекемелер, ірі, орта және шағын кәсіпкерлік субъектілері мен жұмыскерлерге еңбек ...

Толығырақ »

БІР КЕЛІ БАЛЫҚ ҮШІН МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ТӨЛЕДІ

Түркiстан қаязы – Қазақстанда Сырдария су алабында Шардара су қоймасынан бастап оның төмен сағасына дейiн (Арыс, Бөген өзендерi), Шу өзенiнiң су алабынан Қырғызстанның шекарасына дейiн тараған. Арал қаязынан айырмашылығы тұщы суды мекендейдi, алыс қашықтыққа қоныс аудармайды. Қабыршағы iрi, алтын тәрiздi сары түстi. Денесiнiң ұзындығы 70 см, салмағы 5,3 кг-ға дейiн жетедi, 10 жыл шамасында тiршiлiк етедi. Түркiстан қаязының етi бағалы ...

Толығырақ »

22 390 ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАНҒАН

Төтенше жағдай кезеңінде халықтың жекелеген санаттары үшін коммуналдық қызметтерінің шығындарын өтеп беру бойынша азаматтардан өтініштерді қабылдау үшін communal-komek.kz интернет платформасы іске қосылған болатын. Қазіргі таңда аталған портал арқылы Шымкентте 22 390 өтінімнің 14 773-інің жеке шоттары сәйкестігі деректер арқылы тексеріліп, 7 255 азаматтың өтініші мақұлданған. Тиісінше 7 518 азаматтың жеке (абоненттік) есепшоттары сәйкес келмегендіктен өтініштері қанағаттандырылмаған. 15 000 теңге көлеміндегі ...

Толығырақ »

ЕЛДІҢ АЛҒЫСЫНАН БИІК МАРАПАТ ЖОҚ

Криминалист саласында қызмет ету – кез келген адамның қолынан келе бермейді. Себебі, әрбір істің артында адам тағдыры тұратындықтан жұмыс барысы білім мен біліктілікті, әрі үлкен жауапкершілікті талап етеді. Сондықтан, бұл саланы көпшілік бір ғылымға теңейді. Арыс аудандық полиция бөлімінің Жедел криминалист тобының криминалисті Алихан Әмір жас болса да жауапты қызметті абыроймен атқарып келеді. Әрдайым оқиға орнына жылдам жететін ол, бүгінге ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДЫ ДАМЫТУ ЖОБАЛАРЫН ТЕКСЕРДІ

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапары аясында Шымкент пен Түркістан қалаларының көлік және әлеуметтік-мәдени инфрақұрылым нысандарының құрылыс барысын тексерді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды. Шымкентте Үкімет басшысына биылғы желтоқсанға дейін салу көзделген, өткізу қабілеті сағатына 2000 жолаушыны құрайтын халықаралық әуежайдың жаңа жолаушылар терминалының құрылыс барысы туралы баяндалды. Премьер-Министр Түркістанда жаңа халықаралық әуежайдың ...

Толығырақ »

ЖАҢА ӘКІМ АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРДІ АРАЛАУДА

Жуырда ғана тағайындалған Бәйдібек ауданының әкімі Ержігіт Шәріпбеков Алғабас, Ағыбет ауылдық округіне жұмыс сапармен барды. Бірінші кезекте Алғабас ауылдық округінің орталығы Шақпақ елді мекеніне кіре берістегі құрылысы жүргізіліп пайдалануға берілген көпірді, демеушілер есебінен соғылған спорт алаңшасы мен ауыл әкімі аппаратының ғимаратын көрді. Сонымен қатар елді мекен орталығындағы көшені жаяу аралап, санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізуді тапсырып, жобалық сметалық құжаттамасы бар бірқатар ...

Толығырақ »

БӘЙДІБЕКТІК АЗАМАТ 100 ОТБАСЫҒА АЗЫҚ ТҮЛІК ТАРАТТЫ

Түркістан облысы Бәйдібек ауданы Мыңбұлақ ауылының тұрғыны Оразалы Ержанов #Bizbirgemiz акциясы аясында төтенше жағдай кезінде жерлестеріне қолдау білдіру мақсатында 100 отбасыға азық-түлік тауарларын таратты. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі. Әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға үлестірілген азық-түлік себетінде бір қап ұн және сұйық май бар. «Айлардың сұлтаны Рамазанға тұспа-тұс келген бүгінгі игі істі айтып өтсем ...

Толығырақ »

ПОЛИЦЕЙЛЕР РАМАЗАН АЙЫНДА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАДЫ

Түркістан облысы полицейлері Рамазан айында қайырымдылық жасап, бірнеше отбасын қуантты, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «DIDARBEK.kz». Адамгершілік, жанашырлық, жомарттық сынды игі қасиеттердің барлығы бойынан табылатын Түркістан облысының полицейлері қиын да қауіпті күнделікті жұмыстарынан бөлек, әрдайым көпбалалы, аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларына қолдау көрсетіп, демеушілік жасап тұрады. Қазіргі таңда әлемді дүрліктірген індетке байланысты Түркістан облысында карантин ...

Толығырақ »

ҚЫРАҒЫЛЫҒЫМЕН ТАНЫЛҒАН ҚУАНЫШ

Учаскелік инспекторға жүктелер негізгі міндет – белгіленген әкімшілік аумақта профилактикалық іс-шаралар атқарып, қылмысты болдырмау және алдын алу. Ең бастысы халықпен тығыз қарым қатынаста жұмыс істеп, қоғамның тыныштығын сақтау. Сарыағаш аудандық полиция бөлімі, жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Қуаныш Бегімқұловты көпшілік қырағылымен танылған тәртіп сақшысы деп біледі. Қуанышқа берілген әкімшілік аумақта алты мыңға жуық халық бар. Жеті жүзден ...

Толығырақ »

ПОЛИЦЕЙЛЕР 700-ГЕ ЖУЫҚ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫ АНЫҚТАДЫ

Түркістан облысында полицейлер төтенше жағдай кезінде 700-ге жуық құқықбұзушылықты анықтап, 93 тұрғынды қамауға алды, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен елімізде төтенше жағдай режимі енгізілгені баршаға аян. Осы тұста Түркістан облысы полицейлері күшейтілген режимде қызмет атқарды. Осы кезеңдерде полицейлер, тәртіпке бағынбай, заңға қайшы өрескел әрекет жасаушыларды анықтап, шара көрілді. Атап айтсақ, ...

Толығырақ »

КАРАНТИН КЕЗІНДЕ МАС КҮЙДЕ, ҚҰЖАТСЫЗ КӨЛІК АЙДАҒАН

Түркістан облысы полицейлері ТЖ кезінде мас халде, құжатсыз көлік басқарған жүргізушіні ұстады, ол 20 тәулікке қамауға алынды, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Ордабасы ауданы Темірлан елді мекенінің көшелерінің бірінде АПБ-нің ЖПҚ ППТ аға инспекторы, полиция лейтенанты Бақытжан Тұрсынбаев пен қызмет инспекторы полиция лейтенанты Шерхан Пернеханов күнделікті жұмыстарын атқарып тұрады. Кенет «Форд Транзит» автокөлігі маневр жасау қағидаларын ...

Толығырақ »

ИРРИГАЦИЯЛЫҚ ДРЕНАЖ ЖҮЙЕЛЕРІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОБАСЫ СӘТТІ ЖҮЗЕГЕ АСУДА

Түркістан облысы Шардара ауданында «Ирригациялық дренаж жүйелерін жетілдіру-2» республикалық бағдарламасы аясында 20630 гектар суармалы егістік алқаптарындағы ағын су нысандарын қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Бұл мақсатқа өткен жылы үкімет тарапынан 23 млрд. 374 млн. теңге қаржы қаралып, осы қаржының 70 пайызы ҚР Үкіметі тарапынан, 30 пайызы «Дүниежүзілік қайта құру және даму банкі» тарапынан қаржыландыру қарастырылған болатын. Мұндағы құрылыс жұмыстарын жүргізу құқығын ...

Толығырақ »

МАМЫРДА 120 ПӘТЕР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛЕДІ

Бүгінде Түркістан облысы Түлкібас ауданында үй кезегінде тұрған тұрғындарды баспанамен қамту ісі жыл санап жанданып келеді. Соның айғағы ретінде ауданда алдағы мамыр айының аяғында 120 пәтерлі көпбатты 3 тұрғын үй ел игілігіне берілмек. Аталған үйлер «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында Түлкібас ауданының орталығы Т.Рысқұлов ауылына қарасты Бағыспаев пен Пушкин көшелерінің қиылысында бой көтеруде, деп жазады облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме ...

Толығырақ »

ҰОС АРДАГЕРІ: МҰРАТОВ КӘЛМЕН

Екінші дүние жүзілік соғысқа Ордабасы ауданынан аттанған 5 мыңға жуық жауынгерлер аттанған. Бүгінде елге оралғандардан арамызда санаулы ғана ардагер қалды. Мұратов Кәлмен — 1924 жылғы 21-ақпанда Арыс ауданы, Бөржар ауылдық Кеңесіне қарасты И.В.Сталин атындағы колхозда туылған. 1942 жылғы 1-тамызда «Бірлік» орталау мектебінің 6-сыныбында оқып жүргенінде әскерге шақырылды. Аягөзде командирлік курста алты ай оқып, сержанттық шен алды. 1942 жылғы желтоқсаннан 1943 ...

Толығырақ »

Түркістан: Жеті ұрлық жайтына қатысы бар жігіт ұсталды

Түркістан облысы Сайрам АПБ-не бірнеше жергілікті тұрғын арызданған. Жәбірленуші әйелдің айтуынша көше бойында орналасқан дүкенінің ішіне белгісіз тұлғалар сыртқы есігін сындыру арқылы жасырын кіріп, ерлер джинси шалбарын, спорттық шалбарын, балалар аяқ киімін, шоколад-темекілерін, 80 000 теңге тұратын ұялы телефонын ұрлап кеткендігін көрсетеді. Жәбірленушіге келтірілген шығынның жалпы көлемі 200 000-ға жуық теңгені құрайды. Аталған жайт сотқа дейінгітергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ...

Толығырақ »

ҰОС АРДАГЕРІ: МАХАЛ ПОЛАТБЕКОВ

Отан үшін от кешіп, жанын құрбан еткен отандасымыз Махал Полатбеков 1924-жылғы 24-мамырда қазіргі Ордабасы ауданының Төрткүл ауылында туылған. 1932-1942 жылдары мектепте оқыды. 1942-1945 жылдары Қызыл Армия сапында қызмет етіп, елге Ұлы Отан соғысы біткен соң оралды. 1945-1949 жылдары Тәшкент облысы, Ленин ауданында №109 мектепте әскери жетекші, директордың орынбасары, қазіргі Ордабасы ауданы, Қызылжар ауылына қоныс аударып, осындағы «Қызылжар» қалқозы басқармасы төрағасының ...

Толығырақ »

6 МЫҢНАН АСТАМ ДАЙЫН ҚҰЖАТЫН АЛДЫ

Түркістандықтар карантин басталғалы бері ХҚО-ның бірыңғай терезесінен азаматтар 6 мыңнан астам дайын құжатын алып кеткен. Бұл құжаттардың басым бөлігі карантин барысында онлайн рәсімделген, қалған бөлігі – ХҚО жабылғанға дейін. Естеріңізге салайық, 26 наурыздан бастап барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы тоқтатылған болатын. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қазақстандықтар үшін бұдан бұрын өтініш берілген, сондай-ақ электронды форматта тапсырыс берілген қызметтер бойынша ...

Толығырақ »

МАҚТА ДӘНІН СЕППЕК

Бүгінгі таңда Шардара ауданында көктемгі дала жұмыстары барысында 59 мың 300 гектар суармалы жер игерілуде. Оның 1 мың гектарын күздік бидай, 1500-ін арпа, – 1500-ін күріш, 3000-ын дәндік жүгері, – 500-ін маш, 100 гектарын күнбағыс, 18000 гектарын мақта, 14742 гектарын ескі жоңышқа, 4098-ін жаңа жоңышқа, 3300-ін сүрлемдік жүгері, 250 гектарын картоп, 600-іне көкөніс, 10710 гектарына бақша дақылдарын егу жоспарлануда. Сондай-ақ, ...

Толығырақ »

ЧАТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

  Түркістан облысында жарияланған төтенше жағдайға байланысты енгізілген карантиндік режим кезінде облыс аумағында жүріп- тұруға рұқсатнама беретін ботты чат іске қосылды. Яғни, «Telegram» әлеуметтік желісіндегі «Smart Turkistan Bot» чаты арқылы тіркеліп, рұқсат алған компаниялар мен оның қызметкерлері және автокөліктері қала аумағында кедергісіз жүре алатын болады. Қала аумағында жүріп- тұруға рұқсат алу үшін аталған чатта мекеменің БИН номерлері мен қызметкерлердің ЖСН ...

Толығырақ »

САЙРАМДА 13 БЛОКБЕКЕТ ЖҰМЫС ЖАСАУДА

Төтенше жағдай режимінде аудан аумағында жол қауіпсіздігін, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында ауданға және елді мекендерге кіріп-шығу жолдарында санитарлық 12 блокбекет орналастырылып, 1 обсервация госпиталі жұмыс атқаруда: Ақсукент ауылындағы Қарабұлақ тасжолында «Ақсукент» бекеті, Манкент аулындағы «Манкент», Қарасу ауылындағы «Мәртөбе», Ақбастау ауылындағы «Ақбастау», Қарабұлақ ауылындағы «Қарабұлақ», Қожақорған аулындағы «Қожақорған», Көлкент ауылындағы «Қосбұлақ», Әсіл ауылындағы «Әсіл», ...

Толығырақ »

9 НАУҚАС ІНДЕТТЕН АЙЫҚТЫ

Түркістан облысында коронавирус инфекциясынан жазылғандардың қатары артуда. 30 сәуірдегі ақпарат бойынша Түркістан облысында 9 азамат коронавирус инфекциясынан жазылған. Облыста бүгінге дейін инфекциядан жазылғандар саны — 38. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Түркістан облысы, Арыс қаласының 1995 жылғы тұрғыны 12 сәуір күні КВИ, расталған жағдай, жедел бронхит диагнозымен ауруханаға түскен. 31 наурыз күні ...

Толығырақ »

ЖҮКТІ ӘЙЕЛДІ СӘТТІ БОСАНДЫРДЫ

Босану уақыты таяған 22 жастағы жүкті әйел Кентау қалалық орталық аурухананың жұқпалы аурулар стационарына 27-ші сәуір күні түскен. Толық тексеру жүргізіліп, коронавирусты инфекцияның орташа дәрежедегі ауырлық жағдайы расталған. Науқаста дене қызуының көтерілуі, екі жақты пневмония, жөтел белгілері болған. Сонымен қатар жүктіліктің ауыр дәрежеде өтуі мен қан аздық орын алған. Гемотрансфузия жасалынып, емдеу шаралары жасалды. Нәтижесінде аурухананың білікті дәрігер-реаниматолог, гинеколог және ...

Толығырақ »

3 АДАМ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Вирус жұқтырғандар 1966, 1969, 1980 жылғы туған қала тұрғындары. Оның екеуі — әйел, біреуі — ер азамат. Олар өзіне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған, карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында ...

Толығырақ »

200 ПЛАНШЕТ ТАРТУ ЕТІЛДІ

Елімізде Төтенше жағдай жарияланғаннан бастап, Шымкент қалалық білім басқармасы қашықтан жұмыс істеу тәртібіне көшті. Яғни, білім беру, әдістемелік семинар кеңестер, тіпті білім басшысын тағайындаудың өзі электронды форматта қашықтан өтуде. Бұл жайында қалалық білім басқармасының басшысы Ж. Тәжиева баспасөз мәслихатында мәлімдеген еді. Бүгінгі таңда Шымкент қаласы білім беру ұйымдарының басшыларымен апта сайын қашықтан оқыту жұмыстары ұйымдастырылып, кері байланыс сатысында жиналыс өткізу ...

Толығырақ »

АРДАГЕРЛЕР ҮЙІ ЖАҢА КЕЛБЕТКЕ ИЕ БОЛАДЫ

Сайрам ауданының әкімі Ұ.Садібековтен ақсақалдар ардагерлерге арналған кеңсе мәселесін шешіп беруді өтінген-ді. Аудан басшысы бұл мәселені уақыт созбай қолға алды. Ардагерлердің айтуынша, Ақсукент ауылы Жібек жолы көшесінде орналасқан «Ардагерлер үйі» кеңсесі жылға жуық уақыт жабық тұрған. Наурыз айында аудан басшысы орталықтағы кеңсенің жағдайын көрді. Республикалық ардагерлер ұжымы қоғамдық бірлестігінің Сайрам аудандық филиалы төрағасы Әлібек Байназаровтан мән-жайды толық тыңдап, аудандық құрылыс ...

Толығырақ »