Арыс қаласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөнінде жиын өтті, деп жазады қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.
Бүгін Арыс қаласы әкімдігінде қала әкімі М.Қадырбектің төрағалығымен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің Сайрам аумағы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы басқармасының басшысы Ш.Талиповтың ұсынысы негізінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заң талаптарын сақтау, жер заңнамасындағы бұзушылықтарды болдырмау және жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында арнайы жиын өтті
Жиында шаһар басшысы М.Қадырбек: «Қоғам арасында адалдық, парасаттылық, әділдік және сенім құндылықтарын басшылыққа алып өмір сүру – сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алудың маңызды құралы» деп, «ғасыр дерті» жемқорлықтың алдын алудың маңыздылығына тоқталды және де жер телімдерін беруде ауылдық округ әкімдігінің қызметкерлері қызмет көрсету кезінде заңсыз әрекеттерге бармауын қатаң ескертіп, заңбұзушылыққа жол бергендер жауапкершілікке тартылатындығын ескертті.
Жиынға қала әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары және ауылдық округ әкімдері қатысты.
© DIDARBEK.kz