Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ОҢАЙ ОЛЖА ОРҒА ЖЫҒАДЫ

ОҢАЙ ОЛЖА ОРҒА ЖЫҒАДЫ

Түркістан облысы полицейлері дәріхана сатушысының ұялы телефонын ұрлаған күдіктіні ұстады, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.
Түркістан облысы Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын, Сарыағаш қаласында орналасқан дәріханалардың бірінің қызметкері арызданады. Оның айтуынша «Самсунг» маркалы ұялы телефонын белгісіз тұлға жасырын жымқырып кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 250 000-ге жуық теңгені құрады. Аталған арыз Сарыағаш АПБ-не сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қырағы полицейлер тобы жедел әрекет ету арқылы ұрлық жайты болған дәріханаға бағыт алады және дәріхана сатушысы, жәбірленуші әйелден басқа да көрген-білгендерден жауап алды.
Нәтижесінде, бір апта ішінде күдіктіні қолға түсірді. Тергеу барысында белгілі болғандай, күдікті жергілікті тұрғын, жұмыссыз жас жігіт болып шықты. Бұрын «ұрлық» жасап, кешірім беруінің арқасында қылмыстық жауапкершіліктен қысқартылғаны айқындалды. Ол ұрлық жасайтын күні дәріхана жанынан өтіп бара жатып, терезеден сатушының ұйықтап жатқанын, жанында ұялы телефоны тұрғанын байқап қалады. Ойына ұрлық жасау келіп, үстел үстінде тұрған телефонды ешкімнің назар аудармай тұрғандығын пайдаланып, тез арада қалтасына салып, оқиға орнынан бой тасалаған. Облысымызда карантин болуына байланысты ұялы телефонды сата алмай, өзі қолданып жүргені анықталды. Бас шарасы «қолхатта». Бүгінгі таңда аталған күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.
Полицейлердің айтуынша, көп жағдайда ұрылар оңай олжа ретінде ұялы телефондарды олжалайды. Байланыс құралының ықшамды әрі құны да арзан емес екендігін пайдаланады. Сондықтан қылмыскерлер смартфондарды қолды қылып, тез арада ақшаға айырбастауға асығады. Сол себепті полицейлер жеке мүлікке мұқият болып, сақтық шараларын қолдану қажеттілігін ескертеді. Мүліктің кез-келген түріне қырағылықпен және жауапкершілікпен қарағанда ғана мұндай жағдайларды азайтуға болады.

©️ DIDARBEK.kz

Пікір жазу