Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Авторские архивы: Әсет ӘССАНДИ (страница 460)

Авторские архивы: Әсет ӘССАНДИ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ЕЛУ ТӨРТІНШІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Бүгін алтыншы шақырылған Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс елу төртінші сессиясы өтті. Мәжіліске қала әкімі Ерлан Айтаханов, мәслихат хатшысы Ғани Ташқараев, қала депутаттары мен атқарушы орган басшылары, БАҚ өкілдері қатысты. Бұл туралы  «Шымкент келбеті» газетіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды. Сессияда халық қалаулылары күн тәртібіндегі бес мәселені қарады. Жиында алдымен Шаһар басшысы Ерлан Қуанышұлы Айтаханов Шымкент қаласы Қаратау ауданына ...

Толығырақ »

ҚҰРҒАҚ СҮТ ӨҢДЕЙТІН ӨНДІРІС ЦЕХЫ ІСКЕ ҚОСЫЛМАҚ

Кентау қаласына қарасты Қарашық ауылында ауылшаруашылық ісі қарқынды. Мысалы «Тұран» шаруақожалығы мақта мен сүт өңдейтін цех ашып, жыл сайын тонналап өнім өндіруде. Осылайша, алақандай ғана ауылда істің көзін тапқан кәсіпкер 200-ге жуық адамды жұмыспен қамтып отыр. Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Г.Қалмырзақызының  материалына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды. Шаруақожалық 1994 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Қазіргі таңда 860 гектар жерге ...

Толығырақ »

«БІРГЕ ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

Республикалық «Бірге Таза-Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасып жатыр. Табиғат ананы аялауға арналған шараны шағалалы Шардара аудандық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы ұйымдастырды. Елуге тарта сала мамандарымен еріктілер Шардара су қоймасының маңын қоқыстан тазартты. Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Г.Қалмырзақызының  материалына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды. Су қоймасының маңы күл-қоқысқа толы. Себебі, шомылу маусымында мұнда демалушылардың қарасы қалыңдайды. Санитарлық тазалықты ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ 25 МЫҢНАН АСТАМ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІ РӘСІМДЕЛГЕН

Шымкент қаласының мамандандырылған ХҚО-да 2019 жылдың 7 айында 209 мың мемлекеттік қызмет көрсетілсе, оның ішінде 25 600 жүргізуші куәлігін берілген. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ Шымкент қ.филиалының баспасөз қызметі хабарлады. Бұл туралы  «Шымкент келбеті» газетіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалының директоры Данабек Исабековтың айтуынша, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 34%-ға ...

Толығырақ »

Шымкентте медицина ұйымдарының бірінші басшыларының қатысуымен жиын өтті

Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Байдувалиев Асхан Мархабайұлы және медицина ұйымдарының бірінші басшыларының қатысуымен жиын өтті. Жиында АИТВ-ға ұшыраған отбасылардың жағдайы бойынша және денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің арасында стигма мен кемсітуді азайту жөніндегі іс-шаралар жөнінде «ЖИТС-тан балаларды қорғау» қайырымдылық қорының президенті Жазыкбаева Жаннета баяндама жасады. Мұнан соң жұқпалы ауруларға көрсетілетін медициналық көмектің сапасы турасында қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ «ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША АЛДЫҢҒЫ ОРЫНДА

Елбасымыздың тапсырмасы аясында ағымдағы жылдың наурыз айында «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы жұмысын бастаған болатын. ҚР Үкіметі бағдарлама бойынша халық тұтынатын тауарларды, шикізатты жәнебастапқы қайта өңдеу өнімдерін өндірілуіне қолдау көрсетеді. Бүгінгі таңда бағдарламаны іске асырудан Түркістан облысы көш бастап тұр. Өңірдн жалпы құны 64,5 млрд. теңгені құрайтын 206 жоба бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл туралы бағдарламаны іске асыру бойынша Өңірлік жобалау ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ «БІЛІМ АЛ — КАПИТАЛЫҢДЫ ӨСІР» ТАҚЫРЫБЫНДА ТРЕНИНГ ӨТТІ

Бүгін  Шымкент қаласында Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыру жұмыстары аясында  «Білім ал – капиталыңды өсір» тақырыбында ауқымды оқу тренинг өткізді! Бұл оқу қаржылық білім мен тәжірибені жетілдіруге бағытталған жұмыстардың бірі. Тыңдаушылар үшін қаржылық сауаттылықтың негізін түсінуге, аудиторияға өзінің жеке-меншік қаржылық қорын өздігімен басқара білуге көмектеседі. Қаржылық нарықтың жұмысы, қаржы институттары мен олардың ұсынатын өнімдері, тәжірибе мен дұрыс ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТІК ПОЛИЦЕЙЛЕР САМБОДАН ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

Ағымдағы жылдың 15-18 тамыз аралығында Талдықорған қаласында «Самбо» күресінен өткен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің чемпионатында жалпы командалық есеп бойынша Шымкент қаласы Полиция департаментінің құрама командасының 4 қызметкері жүлделі орындарға тұрақтап, жалпы 4 жүлделі командалық орынға ие болды. Бұл туралы  «Шымкент келбеті» газетіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды. Біріншілікке Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ұлттық Ұлан, еліміздің барлық ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ «АДВОКАТ КЕҢЕС БЕРЕДІ» АКЦИЯСЫ ӨТУДЕ

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының қолдауымен қала тұрғындары көп шоғырланатын «Арбат» алаңында қалалық адвокаттар алқасы азаматтарға тегін заң көмегін беру мақсатында «Ашық есік» күнін өткізді. Шара аясында қала тұрғындарына тегін кеңестер берілді. Ашық аспан астында өткізілген акция барысында 40 жуық азамат заңға қатысты түйткілін айтып, жер дауына, жылжымайтын мүлкіне, банк қызметіне қатысты заңгерлерден мардымды жауаптар алды. -Қазіргі кезде халықтың ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

Шымкент қаласында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы жалғасты, деп жазады Бұл туралы  «Шымкент келбеті» газетіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі. Бүгін Әл-Фараби ауданы әкім аппаратының ұйымдастыруымен «Фиркан» сауда – ойын-сауық орталығының «Funkytown» ойын алаңында мектеп жасындағы 200 бала жазғы демалыстарын қорытындылады. Аудандағы мүмкіндігі шектеулі, жартылай және тұл жетім, аз қамтылған отбасыларынан шыққан балаларды қолдау акциясына жомарт жандар демеушілік жасады. Үш ай ...

Толығырақ »

Қайырымды полицейлер – қариядан алғыс алды

Социалистік Еңбек ері, Арыс қаласының «Құрметті азаматы», ширек ғасыр мектепте директор болған, ұлағатты ұстаз Артур Кудриннің жағдайын жарылыстан соң сұрай барған Патрульдік полиция қызметкерлері оны ауруханаға апарып, тексертті. Одан соң, полицияға қатысты мәселелері бойынша құқықтық кеңес берді. Түркістан облыстық ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды. Сонымен қатар, зейнеткердің үйіне қажетті заттарын түгендеп алып, қолдарынан келгенше көмектесіп қарияны үйіне жеткізіп ...

Толығырақ »

Кентауда Кентау Сейдолласын ұмытпайды» атты өнер кеші өтті

Кентау орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің № 37 көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапхана филиалының ұйымдастыруымен 21 тамызы күні Кентау қаласының Сейдолла Бәйтереков көшесінде «Кентау Сейдолласын ұмытпайды» атты өнер кеші болып өтті. Іс шара мақсаты: ҚР тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының «Туған жер» жобасы аясында орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітапханашылары есімдері Кентаудың көшелеріне берілген адамдар туралы деректер, қаланың ...

Толығырақ »

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕГІ АЛҒАШҚЫ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ

Енді «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауына әлеуметтік желі арқылы да шағымдануға болады. Ол үшін саяси ұйымның Фейзбуктегі парақшасына тіркелсеңіз болғаны. Әр апта сайын белгілі уақытта түрлі сала мамандары тікелей байланысқа шығып тұрғындардың арыз-шағымына жауап береді. Жаңашыл жүйе бойынша алғаш болып Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің басшысы Хаким Көшқалиев тікелей байланысқа шығып азаматтардың сұрағына жауап берді. Бұл туралы облыстық ...

Толығырақ »

ТЕАТР МАУСЫМЫНЫҢ АШЫЛУЫ

Облыстық опера және балет театры өзінің ХІІ маусымын бастады. Жаңа маусымның шымылдығы Евгений Брусиловскийдің «Қыз – Жібек» операсымен түрілді. Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Ш.Тұрлыбектің материалына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды. Бұл спектакль республика сахналарында қойылып жүрген шығармадан мүлде бөлек. Опера және балет театрының ұжымы өзінің кезекті 12-ші маусымын пәк махаббат пен адалдықты дәріптейтін «Қыз – Жібек» операсымен бастағанды жөн ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТЫҚ БАҒБАНДАР ҚАУЫН-ҚАРБЫЗДАРЫН РЕСЕЙГЕ ЭКСПОРТТАУДА

Созақ ауданының бағбандары өткен жылы қауын-қарбыз егіп, экспортқа шығарған болатын. Бұл істі биылғы жылы да қолға алып отыр. Созақ ауданының диқандары 15 келіден асатын қарбызды егіс алқабынан жинап алуда. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды. Демек, шаруалар биылдан бастап қауын-қарбыздарын шетелге саудалайтын болады. Диқандар биыл жалпы 107 гектар аумаққа бақша өнімдерін отырғызыпты. Оның ...

Толығырақ »

ТҮЛКІБАСТЫҚ ПАЛУАНДАР «АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ» АТАНДЫ

Түлкібастық палуандар «азия чемпионы» атанды, деп жазады «Шамшырақ» газетіне сілтеме жасаған «didarbek.kz». Алматы қаласында ұлттық спорт түрі көкпардан І Азия чемпионаты болып өтті. Тартысты аламанға 8 мемлекеттің құрамасы қатысты. Байрағын көкке желбіреткен, сәйгүлігін қамшылап, бәйгесіне асыққан өрендердің тартысы мықты, беталыстары да көңіл қуантарлық. Өйткені, көкпар қазақтың қанына сіңген өнер. Қалың нөпірді қақ жарып барып, дода ортасынан серкені суырып шыққан көкпаршысын ...

Толығырақ »

ТҮЛКІБАСТА СПАРТАКИАДА ӨТКІЗІЛДІ

Түлкібас ауданы Т. Рысқұлов ауылындағы орталық стадионда Кәсіби спорт күні мерекесіне орай аудандық спорт мекемелері арасында спартакиада өткізілді. Аталған жарыс спорттың 6 түрі бойынша өтті: Асық ату, кіші футбол, арқан тарту, жүгіру (100, 200, 400, 800), ұзындыққа секіру және кермеге тартылу. Жарыс Аудандық №1 БЖСМ, №2 БЖСМ, №3 БЖСМ, Жас талап спорт клубы, Білім бөлімі, Ұлттық спорт түрлері спорт мекемелері ...

Толығырақ »

Арыстық тұрғын, кәмелет жасына толмаған жоғалған қызын тапқан учаскелік полицейге алғыс айтты

Арыстық тұрғын, кәмелет жасына толмаған жоғалған қызын тапқан учаскелік полицейге алғыс айтты, деп жазады Түркістан облысы ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz». Түркістан облысы, Арыс қаласының жергілікті тұрғыны тамыз айының ортасында 14 жасар қызының үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмағандығын айтып, Арыс АПБ-не арызданады. Арыз түскен сәттен бастап, бірден бағыт алған полицейлер іздестіру шараларын жоғары деңгейде жүзеге асырады. Бірнеше ...

Толығырақ »

Дүбірлі додадан жеңіспен оралған сақшыларға құрмет көрсетілді

Сақшылар сайысында жеңіске жеткен жігіттерді Түркістан облысы Полиция департаментінің басшысы, полиция генерал-майоры Қайрат Сұлтанбайұлы арнайы құттықтап, диплом мен Құрмет грамотасын табыстады. Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды. Ұлттық спорттың дамуына үлес қосып, дүбірлі бәсекенің жүлдегері атанған қызметкерлерге толағай жеңістер тілеп, олардың жетістіктерімен мақтанатындығын жеткізді. Тамыз айының 15 мен 18 күндері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің қолдауымен Алматы ...

Толығырақ »

КЕСЕНЕДЕ АУДИОГИД ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдениет қорық-музейінде аудиогид жобасы іске қосылды. Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне келушілер мен туристер аталған құрылғыдан қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде мәлімет алып, саяхат жасай алады. Бұл туралы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды. «ЮНЕСКО-ның әлемдік мұралар тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне келуші әрбір адам тарихи орынның ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА БАҒДАРШАМДАР ЖАҢАРТЫЛУДА

Облыс орталығы Түркістан қаласында 27 бағдаршам нысаны бар. Ескі типтегі 27 бағдаршамның 15-і жаңасына ауыстырылса, қосымша 5 жаңа бағдаршам орнатылады. Тағы 5 жаңа бардаршам орнату мақсатында мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. 27 бағдаршамның 70 пайызы жаңартылады. Жалпы қала көлеміндегі бағдаршамдардың саны 37-ге өседі. С. Қожанов көшесінің бойында орталық Есім хан алаңының жанында бағдаршам және шақыру панелімен жабдықталған жаяу жүргіншілер жолы ...

Толығырақ »

ОЮЛЫ АҒАШ ОРЫНДЫҚТАР ҚОЙЫЛДЫ

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі ішіндегі Бейне тарих құжырасына шеберлер дайындаған оюлы ағаш орындықтар қойылды. Айта кетсек, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің құжыра бөлмесінде «Қазақфильм» және «Оңтүстікфильм» киностудиялары түсірген деректі және анимациялық фильмдер зияратшылар мен туристерге тұрақты түрде көрсетіліп келеді. «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне келген әрбір келуші жәдігерлермен қатар тарихи фильмдерді де көре алады. 2016 жылдан бастау алған бастама аясында Түркістанға ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ ЖӘНЕ ЭКСПОРТТЫ ДАМЫТУ БАҒЫТЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ФРОНТ ОФИС АШЫЛДЫ

Қазақстан Үкіметі барлық аймақтарда инвесторларды сүйемелдеу бойынша фронт офистер қызметін жүзеге асыру ережесін бекіткен болатын. Аталмыш тәсіл инвестордың құжат жинау және дайындау процесіне қатысуын азайту және олардың мемлекеттік органдармен тікелей байланысын шектеуді көздейді. Қазіргі уақытта өңірде бизнесті дамыту, инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасау, экспорттық әлеуетті арттыру және туризмді дамытуға баса назар аударылуда. Сонымен, Түркістан облысында «TURKISTAN INVEST» фронт офисі құрылды. ...

Толығырақ »

Шымкенттегі №1 клиникалық ауруханасының мамандары польшалықтармен тәжірибе алмасады

Бүгін Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы және Польша мемлекеттерінің бірлескен «Оторинолорингология, аудиология және отоневрология қазіргі заманауи бағыты» атты конференция өтті, деп хабарлайды «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі. Аталған конференцияда заманауи ғылыми зерттеулер ұсынылып, Оториноларингология, аудиология және отоневрология саласындағы әзірлемелер дайындалды. Басты мақсат — талқылау және тәжірибе алмасып ашық форум өткізіп, кәсіби мамандары арасындағы біліммен алмасу. Шымкент қалалық № 1 Клиникалық ауруханасының Бас ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: ӘКІМДІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРІМЕН АШЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша Департаментінің бастамасымен Түркістан қалалық әкім аппаратының қызметкерлері мен әкімдікке қарасты дербес бөлімдерінің және мемлекеттік мекеме басшыларының қатысуымен кездесу өтті, деп хабарлайды Түркістан обылысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаиентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесуге қатысқан Департамент басшысының бірінші орынбасары АсанұлыҒанижанқоғам арасында адалдық, парасаттылық, әділдік және сенім ...

Толығырақ »