Түркістан облысы Сайрам АПБ-ның Табиғатты қорғау полиция тобының инспекторы полиция аға лейтенанты М.Ботабек және Әкімшілік полиция бөлімінің инспекторы полиция аға лейтенанты М.Қуандықов экологиялық қылмыстардың алдын алу жөніндегі жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізу барысында Манкент ауылында орналасқан кафелердің бірінің ауласынан асырауға тыйым салынған үлкен «Үкі» құсын анықтады, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 339-бабы «Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз пайдалану» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Айғақты зат ретінде алынған құс ҚР «Қызыл кітабына» енгізілген «Филин-Үкісі» болып шықты. Ол Шымкент қаласының хайуанаттар бағына жіберілді. Тәртіп сақшылары күдікті тұрғынның»Қызыл кітапқа» енген құсты қандай мақсатта ұстағанын анықтауда. Сондай-ақ тергеу барысында тұрғын бұл құсты 2015 жылдан бері асырап келе жатқанын жеткізген.
Түркістан облысының полиция қызметкерлері азаматтарға ҚР «Қызыл кітабына» енгізілген сирек кездесетін жануарлармен заңсыз байланыс жасап, ұстағандар 3 мың АЕК дейінгі айыппұл немесе 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан шектеу немесе айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.
© DIDARBEK.kz