Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮРКІСТАН: МАМАНДАР САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫН БҰЗБАУҒА ШАҚЫРАДЫ

ТҮРКІСТАН: МАМАНДАР САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫН БҰЗБАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Түркістан облысында жыл басынан бері 5 адам суға кетіп қаза болды. Оның 2-еуі Мақтарал ауданында, ал Жетісай, Ордабасы аудандарында және Арыс қаласында 1 жағдайдан тіркелген. Бұл туралы Түркістан облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары подполковник Ерік Сарыбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Оның сөзінше, жазатайым оқиғалардың барлығы дерлік азаматтардың су жағалауларында қауіпсіздік ережелеріне салғырт қарауының себебінен орын алып отыр.
«2020 жылдың басынан бері орын алған 5 оқиғаның 3-еуі жас бала, 2-еуі ересек адамдар. Орын алған жағдайлардың негізгі себептері – балаларды суаттар жанында үлкендердің қарауынсыз қалдыру және абайсыздан суға құлау, жүзе білмеу. Осыған байланысты тұрғындарды тұрғындарды сақтық шараларын ұстануға шақыратын түсіндірме жұмыстары жүргіхіліп келеді. Мысалы, оқушылардың қатысуымен болатын судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында білім бөлімдерімен бірлесіп, онлайн сабақтарда, үкіметтік емес ұйымдар өкілдеріне әлеуметтік желілер арқылы тиісті ақпараттар жариялануда, сондай-ақ аудан қала әкімдіктерінің әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы ескерту сипатындағы мақалалар жариялануда», – деді Ерік Темірханұлы.

Сондай-ақ, жиын барысында департамент басшысы өңірде өзекті болып тұрған орман өрті мәселесіне де тоқталды. Облыс аумағында жыл басынан бері 14 дала өрті тіркелген. Орман шаруашылығына келтірілген материалдық шығынның жалпы соммасы шамамен 802,2 мың теңге. Орман өртінің көлемі 2347,8 гектар орманды алқабы 287 гектар, ормансыз алқабы 2060,8 гектарды құрайды. Қазіргі таңда орман дала өрттерін алдын алу мақсатында тиісті шаралар атқарылуда.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу