Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР МҰҚТАЖ ЖАНДАРҒА АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАРАТТЫ

ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР МҰҚТАЖ ЖАНДАРҒА АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАРАТТЫ

Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты Елбасы – Nur Otan партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен республика көлемінде #BizBirgemiz акциясы бастау алғаны белгілі. Бұл ретте Nur Otan партиясы халыққа қажетті бетперделер, санитайзер, сабын мен қолға арналған антисептиктері бар жиынтықтарды үлестіруді бастап кетті.

Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Мұндай көмек әсіресе Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен жалғызбасты қарттарға, аз қамтылған көпбалалы отбасыларға және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көрсетіліп жатыр. Аталған акция Түркістан облысында қызу қарқында жүзеге асуда.

Түркістандық іскер ханымдар #BizBirgemiz акциясына барынша үлестерін қосуда. Түркістан облысы Іскер әйелдер қауымдастығының белсенді мүшелері 25 аз қамтылған, көпбалалы, мүкіндігі шектеулі отбасылар мен жалғызбасты аналарға медициналық маскалар мен азық-түлік себетін дайындап, таратты. Нәзік жандылар Түркістан қаласымен қатар Отырар ауданы мен Құмтүйін елді-мекені тұрғындарның шарапатына бөленді. Қауымдастық мүшелерімен қолға алынған игілікті іске ерікті жастар қолғабыс жасаса, акцияға Бас партия мүшелері мұрындық болды.

Елге қауіп төнген кезде осынау дерттен айығуға дем болатын сауапты іске атсалысу — әрбір азаматтың парызы, деп санайды түркістандық іскер ханымдар. Сондай-ақ олар басқа да кәсіпкерлерді қайырымдылыққа атсалысып, қиын-қыстау сәтте қиналған жандарға қол ұшын беруге шақырды. Түркістан облысы Іскер әйелдер қауымдастығында 40 әйел тіркелген. Өңірдегі ең жас іскер ханым — 26 жаста.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу