Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » БАЛАЛАРҒА КЕПІЛДЕНДІРІЛГЕН ӘЛЕУМЕТТІК ТОПТАМА БЕРІЛДІ

БАЛАЛАРҒА КЕПІЛДЕНДІРІЛГЕН ӘЛЕУМЕТТІК ТОПТАМА БЕРІЛДІ

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Түркістан облысы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасылардың балаларына атаулы әлеуметтік көмекпен (АӘК) қоса кепілдендірілген әлеуметтік топтама (КӘТ) берілуде. Топтаманың құрамындағы азық — түліктер мен гигиеналық құралдар балалардың жасына қарай бекітіледі.

Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Айта кетерлігі, 2020 жылы облыста аз қамтылған отбасыларға арналған атаулы әлеуметтік көмек үшін — 23,1 млрд. теңге, кепілдендірілген әлеуметтік топтамаға — 6,9 млрд.теңге бөлінген.

Ағымдағы жылдың 1-тоқсанында 19,8 мың отбасыға немесе 111,9 мың адамға 2,3 млрд.теңге көлемінде АӘК тағайындалды. Сондай-ақ, 1 жастан 6 жасқа дейінгі жалпы саны 25 125 балаға 319,2 млн. теңге көлемінде кепілдендірілген әлеуметтік топтама (КӘТ) берілген. Оның ішінде, ай сайын 1 жас пен 3 жас аралығындағы — 10 074 сәбиге және 3 жас пен 6 жастағы — 15 051 балаға азық — түлік пен қажетті гигиеналық құралдар үлестірілсе, 1-6 жастағы — 24 919 балаға гигиеналық жиынтық берілген.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу