Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » 70 ОТБАСЫҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

70 ОТБАСЫҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Түркістан облысы Төлеби ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларды қолдау мақсатында қайырымдылық шаралары жалғасып жатыр. Елім деген жанашыр азаматтар аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасыларға түрлі көмектер көрсетуде. Солардың бірі –«Бейбарс и К» ЖШС мен Қуаныш Ешенқұлов жеке қоры Ленгір қаласы мен ауылдық округтерде тұратын 30 отбасыға «Қамқорлық» бағдарламасы аясында20 мың теңге көлемінде қаржылай көмек үлестірді.

Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Бұдан бөлек,«Нұр Отан» партиясының Төлеби аудандық филиалының ұйымдастыруыменЛенгір қаласында «Біз біргеміз» бағдарламасы аясында әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы, мүмкіндігі шектеулі, жалғызілікті мұқтаж 14 отбасыға азық-түлік таратылды. Сондай-ақ, аудан кәсіпкерлері Ленгір қаласындағы аз қамтылған 7 отбасыға азық — түлік топтамаларын таратты.

Дәл осындай ізгі шара Көксәйек ауылдық округінде жалғасын тапты.«Нұр Отан» партиясының «Біз біргеміз» бағдарламасы аясында 15 аз қамтылған отбасыға демеушілер тарапынан азық — түлік берілді. Сонымен қатар окруктегі «Қамқорлық» бағдарламасы бойынша 7 отбасыға 20 мың теңгеден кәсіпкерлердің қолдауымен қаржылай көмек көрсетілді.

Әлеуметтік көмек алған отбасылар демеушілерге ізгі тілектерін айтып, алғыстарын білдірді.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу